Динара Щеглова ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады primeminister.kz.

Динара Щеглова 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2007 жылы — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2012 жылы — Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.

Мамандығы бойынша — менеджмент, ақпараттық жүйелер бакалавры.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.

2008–2009 жылдары ҚР-дағы Дүниежүзілік банк өкілдігінде кеңесші қызметін атқарған.

2011 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта — «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ бас менеджері, ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры, басқарушы директоры, басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі таңға дейін «Зерде» ҰИХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...