• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Сәуір 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстіктің орталығы Түркістан қаласы болып өзгертілмек

05.06.2018
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы өтіп жатыр. Сессия жұмысын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Зүппархан Чалданов жүргізіп отыр.

Сессия жұмысына облыс әкімі, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, қала және аудан әкімдері, тиісті қалалық мәслихат хатшылары, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың, ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақыртылған.

Шымкенттің миллионды қала атануымен құттықтаған облыс басшысы Жансейіт Түймебаев шахардың республикалық маңызы бар миллионды мегаполис болып қалатындығын ерекше атап өтті. «Оңтүстіктің облыс орталығын таңдау — тарихи оқиға. Бабаларымыздың жатқан қасиетті жерінің облыс орталығы ретінде таңдалуы — үлкен мәртебе. Алдағы уақытта Қожа Ахмет Яссауиден бастап, талай тарихи тұлғалар жатқан киелі қаланы дамытып, туризмді нығайтамыз. Самарқанд пен Бұқара сияқты мәртебесін биіктетіп, өзгелер таң қалатын шаһар етеміз» — деді Жансейіт Қансейітұлы облыстық мәслихатының  өтіп жатқан кезектен тыс жиырма үшінші сессиясында.

img-20180605-wa0060

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жырма үшінші сессиясы

img-20180605-wa0068

img-20180605-wa0058

ОҚО аумағынан 116 мың га жері бар Шымкент қаласы шығарылсын деп түйінделді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ КЕНТАУ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ШЕКАРАЛАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ:

kkntau

Жаңа шекаралар есебімен Түркістан қаласының аумағы 19 627 гектарды құрайды,  шекаралары мынадай болып белгіленген:

солтүстігіндегі шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімшілік бағынысындағы Жүйнек ауылдық округінің жер аумағымен шектеседі;

солтүстік-шығысындағы шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімшілік бағынысындағы Иассы, Ораңғай ауылдық округтерінің жер аумақтарымен шектеседі;

оңтүстігіндегі шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімшілік бағынысындағы Иассы ауылдық округінің жер аумағымен шектеседі;

оңтүстік-шығысындағы шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімшілік бағынысындағы Шаға ауылдық округінің жер аумақтарымен шектеседі;

оңтүстік-батысындағы шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімшілік бағынысындағы Үшқайық ауылдық округінің жер аумағымен шектеседі.

img-20180605-wa0071

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласы жаңа шекараларының сипаттамасы

Жаңа шекаралар есебімен, Кентау қаласының аумағы 774 512 гектарды құрайды,  шекаралары мынадай болып белгіленген:

солтүстік және солтүстік шығысындағы шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы, Таукент кентімен, Жартытөбе ауыл округі, Аққолтық елді мекенімен, Сызған ауыл округі, Басбұлақ, Қозмолдақ елді мекендерімен, Шолаққорған ауыл округі, Абай, Қарабұлақ, Балдысу елді мекендерімен, Созақ ауыл округі, Шақырық елді мекенімен, Қарақұр ауыл округі, Шаға елді мекенімен шекаралас;

оңтүстіктегі шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Маяқұм ауыл округі, Қостерек елді мекенімен,  Балтакөл ауыл округі, Ақкөл елді мекенімен, Қарғалы ауыл округі, Отырабат елді мекенімен шекаралас;

шығысындағы шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауыл округі, Жаманқытай, Қайнарбұлақ, Қосбұлақ, Мәдениет, Нұра елді мекендерімен шекаралас;

батысындағы шекара Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Талап ауыл округі, Сатымсай, Кеңес, Қандөз, Қалғансыр, Көктөбе елді мекендерімен, Қаратөбе ауыл округі, Баспақкөл елді мекенімен шекаралас.

Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ

 

Бөлісу53TweetPin

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ДЕНДРОСАЯБАҚТА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.