Грузиядағы Қазақстан елшісі болып Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды, деп хабарлады ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Б. Мұхамеджанов Грузиядағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды», — делінген бейсенбіде Ақорда сайтындағы хабарда.
Сондай-ақ, жарлыққа сәйкес, ол Литва Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметінен және қоса атқару бойынша Латвия Республикасындағы ҚР төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.