Жамбыл облысы мен Қырғызстанның Талас облысы басшылары кездесті.
Олар арадағы ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту жөнінде келісімге қол қойды. Кездесу барысында қос тарап алдағы уақытта алыс-берісті одан әрі арттырып, сауда-саттық пен туризмді дамыту жайын талқылады. Басқосуда аймақтың ауыл шаруашылығына қажетті ағын су жайы да сөз болды. Әулиеата өңірінің шаруалары тұтынатын тіршілік нәрінің 80 пайызы осы көрші елдің су қоймаларынан келеді. Бұрын аймақта етектегі егіншілерге су жетпей жататын жәйттер болып тұратын. Жиын кезінде мемлекетаралық бекітілген кестеге сәйкес, тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су ресурстарын әділ бөлуге уағдаласты.
Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының әкімі:
— Екі елдің достық қарым-қатынасы бұдан әрі жалғау үшін ешқандайкедергі жоқ. Әрбір кәсіпкер, әрбір шаруашылықпен айналысып жүрген азаматтар өз деңгейінде қарым-қатынасты нығайтып, байланыс жасап тиісті сауда-саттық басқа жағдай жасайтын болса онда екі елдің арасындағы қарым-қатынас әрі қари дами түседі. Жаңа сатыға көтеріледі.
Дереккөз: 24.kz.