Бүгін «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және өзгеріc әкелген әлем» тақырыбындағы XV Еуразия медиа форумының ресми ашылуында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысөзін оқып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Мерейтойлы XV Еуразия медиа форумының ашылуымен құттықтаймын. Жыл сайын форум медиа саласындағы кәсіби мамандарды жинап, түйткілді мәселелерді талқылайды. Биылғы күн тәртібіндегі «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және өзгеріc әкелген әлем» тақырыбы 2018 жылы Астана экономикалық форумында да қозғалып, журналистер қауымдастығының жаһандық ақпарат картиналарының маңызды аспектілері туралы пікір алмасуға мүмкіндік береді», — деді Абаев.
Ол әлем өзгеріп жатқан жағдайда геосаяси қарама-қайшылықтар мен жаңа технологиялық мүмкіндіктер БАҚ шиеленістерін ушықтыратын детонаторға, болмаса жаһандық тежеу мен халықаралық қақтығыстарға жол бермеу факторына айналуға мүмкіндік беретінін айта келе, осыған сәйкес журналистика саласына үлкен жауапкершілік артылып отыр.
«Классикалық журналистикадағы нақты сын-тегеурін ол – тәуелсіз блогерлер мен әлеуметтік желідегі материаларды аудитория ақпараттың баламалы көздері ретінде қараған кезде сенім дағдарысы пайда болады. Соған сәйкес, дәстүрлі БАҚ-тың бәсекедегі артықшылығы әрдайым жоғары кәсібилік пен ұсынылатын контенттің сапасына негізделеді. Ақпаратты тек сенімді, дұрыс жеткізу мен жалған жаңалықтарды анықтау аудиторияны өзіне тартып, объективті ақпарат көзі ретінде БАҚ-тың беделін нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұл үшін ақпаратқа деген қолжетімді ашық арналарды дамыту мен барлық туындайтын проблемаларды шешуде серіктестікке жағдай жасайтын үздіксіз диалогты қолдау маңызды. Журналист мамандығы қоғамға қызмет етіп, жоғары этикалық және моральдық-өнегелік сапада қалуы тиіс. Еуразия медиа форумында барлық өзекті мәселені жоғары деңгейде талқылау мүмкін болмақ. Форумның кәсіби құрамы мен көрнекілігі барлық қатысушыға пайдалы болатын пікірлер мен тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді», — деп Абаев Мемлекет басшысының сөзін түйіндеді.