«1 маусымда Душанбеде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді», — делінген ТМД Атқару комитетінің аңдатпасында.
Еске салайық, ТМД Үкімет басшылары кеңесінің бұған дейінгі отырысы Ташкентте 2017 жылы 3 қараша күні өтті. Онда Достастық елдерінің өзара интеграциялық қарым-қатынасының кең ауқымды сұрақтары талқыланған еді.Отырысқа қатысушылар халықаралық картельдерге тиімді қарсы тұру үшін әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін шоғырландыру жөніндегі ТМД-ға мүше елдер үкімет басшыларының мәлімдемесін қабылдады.
Үкімет басшылары кеңесінің отырысы жылына екі рет өткізіледі, кезектен тыс отырыс мүше мемлекеттердің ішіндегі кез келген үкіметтің бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.
Дереккөз: еgemen.kz.