Өзбекстан –Орталық Азиядағы Қазақстанның ірі сауда серіктесіне айналуда. Биыл екі ел арасындағы сыртқы сауда айналым өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артты. Ал жыл соңына дейін екі жақты сауданың көлемін 3 млрд АҚШ долларына арттыру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Өзбекстан делегаттарымен болған кездесуінде айтылды.
Көрші елдің делегаттарын Өзбекстан Республикасы сыртқы сауда министрінің орынбасары бастап келді. Бірлескен іскерлік кеңестің алғашқы отырысы қос тарапқа маңызды. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Ташкент, Джизак және Сырдария облыстарымен сауда-экономикалық, мәдени –гуманитарлық салаларында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Өзбек делегациясымен болған кездесуде де сауда –экономикалық байланыс, тауар айналымын арттыру мәселелері талқыланды.
Өткен жылы Ташкентте болған бизнес-форум өңірлердің 150-ден астам мемлекеттік және жеке ұйымдардың байланысы қамтамасыз етілді. Бүгінде Оңтүстік аймақ пен Өзбекстан арасындағы шекаралық ынтымақтастық дамып келеді. Сауда айналымы өткен кезеңмен салыстырғанда 50 пайызға артып отыр. Деседе, кездесу барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев көрші елдегі салық мәселесіне тоқталып өтті.
Өз кезегінде көрші елдің делегаттары іскерлік басқосу аталған меәселелердің шешімін қарастырып, Оңтүстік кәсіпкерлері мен өзбекстандық бизнесмендердің қарым-қатынасын нығайта түсетініне сенім білдірді. Облыс басшысы мәртебелі меймандарға құрмет көрсетіп, бизнестегі өзбек компанияларының бастамаларына қолдау көрсетінін жеткізді.
Жомарт БЕГІМБЕТ.