Елбасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасын тағайындады

Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұған дейін осы лауазымды атқарған Бағдат Мусин Мемлекет басшысының Өкімімен қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қайрат Жақыпбаев осыған дейін (2017 жылғы ақпан айынан бастап) KEGOC компаниясының құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған.

Қайрат Жақыпбаев 1964 жылы 15 ақпанда дүниеге келген.

1985 жылы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990 жылы Мәскеудегі КСРО прокуратура органдары басшы кадрларының біліктілігін арттыру институтын бітірген.

ҚР ішкі істер органдарының еңбек сіңірген қызметкері, ҚР прокуратурасы органдарының құрметті қызметкері.

1985 – 1988 жылдары — ОҚО Шымкент қаласы Абай аудандық прокуратурасының тергеушісі.

1988 – 1991 жылдары — ОҚО Прокуратурасының тергеу басқармасының прокуроры.

1991 ж. наурыз – 1991 ж. желтоқсан аралығында — ОҚО прокуратурасының тергеуді қадағалау жөніндегі бөлім бастығының орынбасары.

1991 – 1993 жылдары — ОҚО Арыс ауданаралық прокуроры.

1993 – 1995 жылдары — ҚР Бас прокуратурасы аса қауіпті қылмыстарды тергеу жөніндегі басқарма бастығы.

1995 – 1997 жылдары — Мемлекеттік тергеу басқармасы басшысының орынбасары, Жалпы қылмыстық тергеулер бас басқармасы басшысының бірінші орынбасары, Әскери тергеу департаментінің басшысы, ҚР МТБ алқасының мүшесі.

1997 – 2000 жылдары — ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы.

2000 – 2004 жылдары — ҚР Парламентi Мәжiлiсi Аппаратының Заң шығару және мониторинг орталығының директоры, Заңнама бөлімінің меңгерушісі.

2004 – 2006 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар комитеті төрағасының орынбасары.

2006 – 2008 жылдар — ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі.

2008 – 2017 жылдар — «KEGOC» АҚ-ның Құқықтық қамтамасыз ету және қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры.

2017 ж. ақпаннан бастап — Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры.

ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімовтың алғыс хатымен (2011), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» мерейтой медалімен (2002),«Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтой медалімен (2004),«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтой медалімен (2006),«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалімен (2011),  «Самұрық Қазына» АҚ құрмет грамотасымен (2012), «KAZENERGY» медалімен (2013) марапатталған.

Ұқсас жазбалар

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТР СТАНСАСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕГІ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ДУЛАТ ӘБІШТІ ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «БАРЫС» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАДЫ

⚡️Түркістан төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табысталды. Салтанатты рәсімде...

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ШАҒЫН ҚҰРАМДАҒЫ ОТРЫСЫ ӨТТІ

 Шымкентте Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын форматтағы отырысы өтті. Оған Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин,...