Мемлекет басшысы Дмитрий Медведевті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
«Сіздің Ресей Үкіметінің басшылығындағы қызметіңіз еліңіздің экономикалық тұрғыдан одан әрі дамуын және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының арта түсуін қамтамасыз етеді деп сенемін.
Елдеріміз арасындағы тату көршілік, өзара құрмет пен тең құқылы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да халықтарымыздың игілігі жолында нығайып, әрі қарай дами беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Д.Медведевке денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік лауазымда жаңа жетістіктер, ал достас Ресей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.