Көптен бері ескерусіз жатқан Орынбай Таймановтың кесенесінің ахуалы «Айғақ» телеарнасы арқылы бұған дейін бірнеше мәрте көтерілген болатын. Осындай шаралардың арқасында аудан басшылығы бұл тірлікті қолға алды. Ширек ғасырдан соң, баба кесенесін қайта жөндеуден өткізіп, бүгінде көк күмбезі жарқырап тұр. Ақынның 150 жылдық мерей тойы қарсаңында атқарылған тындырымды тірліктің бұл басы ғана, өйткені «Боралдайдың бозторғайы» деген атпен ақынның жыр жинағы жарық көрді.
Жалпы ұлан байтақ жерімізде ғажап жерлер, киелі мекендер жеткілікті. Маңыздысы осы жерлерді танып білуде, ұлтарақтай жер үшін тер төккен ата-бабамыздың аманатын сақтап қалу біздердің және жас ұрпақтың міндеті. Ширек ғасыр бұрын бодандық бұғауы, отаршылдық озбырынан құтылған жұртымыз бүгінде өшкені жанып, өлгені тірілгеніне разы. Қайратын қаламына буған қаламгерлерін түгендеп, тәуелсіз ойдың иесі болғанына қуанышты. Жиылған жамағат бүгін тағы бір ұлын ұлықтады. «Боралдайдан жыр боп ұшқан бозторғай» Орынбай Таймановты еске алды.
Орынбай Таймановтың 150 жылдық мерей тойы қарсаңында ел атқа мінерлері мен ауыл тұрғындары игі тірлікті қолға алып, баба кесенесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұған дейін, 1991 жылы Оразкүл Асанғазиеваның тікелей басшылығымен ірге тасы қаланған бұл кешенге ширек ғасырдан соң, қайта жөндеуден өтті. Заманында халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жырға қосқан ақын «Боралдайдың бозторғайы» атанған. Басқосуда жиналған жұрт алдында Орынбай Таймановтың ұрпағы сөз сөйлеп, өз алғысын жеткізді.
Ауданның 90 жылдық мерей тойы қарсаңында Таймановтың кесенесін жөндеуден өткізуге мұрындық болған аудан атқа мінерлері мен жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары білек сыбана кірісті.
Бәйдібек ауданының 90 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылған бұл шараға халық қалаулылары да тыс қалмады. Сондықтан, халық қамын ойлап жүрген азаматтар ел ішінде баршылық, сондай жанның бірі Д.Әбіш. Ол өз қаржысы есебінен 200 түп жеміс ағаштарын алып, кесене маңын көгалдандыруға өзіндік үлесін қосқан.
Айта кетейік, 11 мамыр Орынбай Таймановтың 150 жылдық мерей тойына орай Республикалық ақындай айтысы өтетіндігі туралы басқарма басшылары құлақдар етіп, бірге атсалысуға шақырды. Осы тұсқа ақынның жиын Алтын апай алдағы уақытта Орынбай оқуларын ұйымдастырса, өзі демеушілік жасайтындығын жеткізді. Жиын соңында демеушілік жасаған жандардың иығына шапан жауып ауыл ақсақалдары бата берді. Ал, аймақ тұрғындары жөндеу жұмыстарының аяқталуына орай ас берді.
Балнұр ЖАНЫСБАЕВА.