Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бәйдібек»О.Таймановтың кесенесі жөндеуден өтті
    Бәйдібек

    О.Таймановтың кесенесі жөндеуден өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.04.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Көптен бері ескерусіз жатқан Орынбай Таймановтың кесенесінің ахуалы «Айғақ» телеарнасы арқылы бұған дейін бірнеше мәрте көтерілген болатын. Осындай шаралардың арқасында аудан басшылығы бұл тірлікті қолға алды. Ширек ғасырдан соң, баба кесенесін қайта жөндеуден өткізіп, бүгінде көк күмбезі жарқырап тұр. Ақынның 150 жылдық мерей тойы қарсаңында атқарылған тындырымды тірліктің бұл басы ғана, өйткені «Боралдайдың бозторғайы» деген атпен ақынның жыр жинағы жарық көрді.

     Жалпы ұлан байтақ жерімізде ғажап жерлер, киелі мекендер жеткілікті. Маңыздысы осы жерлерді танып білуде, ұлтарақтай жер үшін тер төккен ата-бабамыздың аманатын сақтап  қалу біздердің және жас ұрпақтың міндеті. Ширек ғасыр бұрын бодандық бұғауы, отаршылдық озбырынан құтылған жұртымыз бүгінде өшкені жанып, өлгені тірілгеніне разы. Қайратын қаламына буған қаламгерлерін түгендеп, тәуелсіз ойдың иесі болғанына қуанышты. Жиылған жамағат бүгін тағы бір ұлын ұлықтады. «Боралдайдан жыр боп ұшқан бозторғай» Орынбай Таймановты еске алды.

    Орынбай Таймановтың 150 жылдық мерей тойы қарсаңында ел атқа мінерлері мен ауыл тұрғындары игі тірлікті қолға алып, баба кесенесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұған дейін, 1991 жылы Оразкүл Асанғазиеваның тікелей басшылығымен ірге тасы қаланған бұл кешенге ширек ғасырдан соң, қайта жөндеуден өтті. Заманында халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жырға қосқан ақын «Боралдайдың бозторғайы» атанған. Басқосуда жиналған жұрт алдында Орынбай Таймановтың  ұрпағы сөз сөйлеп, өз алғысын жеткізді.

    Ауданның 90 жылдық мерей тойы қарсаңында Таймановтың кесенесін жөндеуден өткізуге мұрындық болған аудан атқа мінерлері мен жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары білек сыбана кірісті.

    Бәйдібек ауданының 90 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылған бұл шараға халық қалаулылары да тыс қалмады. Сондықтан, халық қамын ойлап жүрген азаматтар ел ішінде баршылық, сондай жанның бірі Д.Әбіш. Ол өз қаржысы есебінен 200 түп жеміс ағаштарын алып, кесене маңын көгалдандыруға өзіндік үлесін қосқан.

    Айта кетейік, 11 мамыр Орынбай Таймановтың 150 жылдық мерей тойына орай Республикалық ақындай айтысы өтетіндігі туралы басқарма басшылары құлақдар етіп, бірге атсалысуға шақырды. Осы тұсқа ақынның жиын Алтын апай алдағы уақытта Орынбай оқуларын ұйымдастырса, өзі демеушілік жасайтындығын жеткізді. Жиын соңында демеушілік жасаған жандардың иығына шапан жауып ауыл ақсақалдары бата берді. Ал, аймақ тұрғындары жөндеу жұмыстарының аяқталуына орай ас берді.

    Балнұр ЖАНЫСБАЕВА.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.