• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Ақпарат министрі еліміздің толық цифрлық хабар таратуға көшу мерзімін жария етті

16.04.2018
0

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев еліміздегі эфирді цифрлы телерадио хабар таратуға ауыстыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын Фейсбуктегі парақшасындағы арнайы видео арқылы айтып берді.

«Телерадио хабарларын тарату туралы» заңға сәйкес мемлекет жарты жыл көлемінде эфирлік цифрлық телерадио хабар таратуға ауысудың уақытын белгілеуі қажет. Өз парақшасында осындай жазбамен видеожолдау таратқан министр қазір эфирді цифрлы телерадио хабар таратуға ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатқанын баян етті. «Цифрлық телевидение деген не? Бұл видеобелгі мен дыбыс таратудың жоғары сапасы. Сондай-ақ визуалды кедергілерді жойып, эфирдегі тұнық дыбысты қамтамасыз етеді. Осылайша, отандық телеарналарды ақысыз цифрлық сапада тамашалау мүмкіндігі туады. Астана мен Алматы қалаларында, облыс орталықтарында 30 арнаға дейін көруге болады. Кезінде еліміздің ең шалғай елді мекендері мен тұрғындары аз қоныстанған ауылдарда 2-3 арна ғана көруге мүмкіндік бар еді. Ендігіде, 15 отандық телеарнаны жоғары сапада тамашалайтын болады», – дейді министр. Дәурен Абаевтың айтуынша, цифрлық хабар таратуды енгізу қала мен ауыл арасындағы ақпараттық алшақтықты төмендетеді.

«Тура алты айдан соң Маңғыстау облысы толық цифрлық хабар таратуға көшеді. 2 жыл ішінде өзге аймақтар да цифрлық хабар таратумен қамтамасыз етіледі. Аналогтық хабар тарату кезең-кезеңімен тоқтатылады. Бұл – үлкен әрі зор еңбекті талап ететін жұмыс. Келісіп пішкен тон келте болмайды. Біріксек алынбайтын қамал жоқ», – деп түйді Абаев.

Белгілі болып отырғандай, жоба бойынша 827 радио және теледидар стансасын салу және жаңғырту жұмыстары жоспарланған. 2012 жылы басталған құрылыс жұмыстарының арқасында бүгінгі таңда 356 станса салынған. Жылдың соңына дейін тағы 292 стансаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол халықтың 94 пайызын цифрлық хабар таралымымен қамтуға мүмкіндік береді. Қалған 179 стансаны 2019-2020 жылдары пайдалануға беру көзделуде.
Дереккөз: inform.kz .

Previous Post

ОҚО әкімі ДДҰ Қазақстандағы елдік кеңсесінің өкілдерімен кездесті

Next Post

Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман мәртебесін алуға тырысқан

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.