Елордалық Ішкі істер департаменті осы жылдың 11-30 сәуір аралығында сот орындаушылардың қатысуымен «БОРЫШКЕР-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды 24.kz.
Іс-шара аясында Астана қаласының аумағында, сонымен қатар «Шеп» бекеттерінде көлік ағымын автоматты бақылау жүйесін, электронды планшеттер, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар жалған мемлекеттік нөмірлермен жүргізушілер анықталуда.
Өткізілген ЖПШ жаңашылдықтарының бірі — бұрын автоматты жүйелерде тіркелген ЖҚЕ бұзғаны үшін бұзушыларға айыппұл төлеу туралы хабарлама беріледі және әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда хабарлама алған сәттен бастап 5 тәулік ішінде көлік құралын мамандандырылған автотұраққа қоюға, сондай-ақ КҚТП алып қоюға дейінгі мәжбүрлеп орындау түріндегі шара қолданылатын болады.
Сонымен қатар Әкімшілік полиция басқармасы айыппұлдарды келесідей әдістермен тексеруге және төлеугеболатыны туралы ақпараттандырады: «egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде, екінші деңгейлі банк бөлімшелерінің есеп айырысу-кассаларында, сондай-ақ интернет-сайт арқылы qamqor.gov.kz, kaspi.kz, egov.kz, HandyPay, MyPay homebank.kz мобильді қосымшаларда онлайн-төлемдер және т.б., сондай-ақ түбіртекті 8-776-197-23-48 WhatsApp арқылы жіберуге болады (ақша қаражаты Қазынашылық банк кодына түскеннен кейін айыппұл өтеледі). http://qamqor.gov.kz интернет сайт арқылы айыппұлдарды тексеру кезінде «узнай о своих штрафах» бетбелгісіне кіресіз, одан әрі көлік иесінің ЖСН енгізесіз және фото-бейнетіркеу жүйесімен жазылған бұзушылықтар болған жағдайда сол жерден аталған бұзушылықтардың фотосын шығарып алуыңызға болады.