Елшінің айтуынша, бүгінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар ойдағыдай дамып келеді. Көрші мемлекет Қазақстан экономикасына қыруар қаржы салып отыр. «Бір жол — бір белдеу» бастамасы аясында өзара ынтымақтастық та күшейіп келеді.
«Коммунистік партияның жиналысында Қытайдың экономикалық өсімі 6,5 процент болады деген мақсат қойылды. Халықтың тығыз орналасқанына қарамастан, бізде жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 9 800 долларды құрап отыр. Қытай үшін бұл — үлкен жетістік. 2021 жылға дейін біз кедейшілік мәселесін толығымен шешуді көздейміз. Үш жылдан кейін 400 миллионнан астам адам кедейшіліктің қамытынан құтылады деген жоспар бар. Осылайша, 2021 жылға дейін Қытай толығымен орта топтың деңгейіне шығуы тиіс. Оған дейін кедей отбасылар қалмауы қажет», — деп атап көрсетті Ч.Ханьхуэй.
Фото: ria.ru