Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады
    Жаңалықтар

    Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.03.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Бүгін біз жақсы бір хабар алдық. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Наурыз мейрамына байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнайы құттықтау хатын жолдап, барша қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтады. Қазіргі кезде Қытайда үлкен екі жиналыс бойынша ауқымды шаралар өтіп жатыр. Соған қарамастан, Си Цзиньпин мырза уақыт тауып, Нұрсұлтан Әбішұлына арнайы жеделхатын жолдады. Осының өзі екі басшы арасындағы мықты достықтың көрінісі болса керек», — деді ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй бүгін Наурыз мейрамына арналған салтанатты шарада.

    Елшінің айтуынша, бүгінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар ойдағыдай дамып келеді. Көрші мемлекет Қазақстан экономикасына қыруар қаржы салып отыр. «Бір жол — бір белдеу» бастамасы аясында өзара ынтымақтастық та күшейіп келеді.

    «Коммунистік партияның жиналысында Қытайдың экономикалық өсімі 6,5 процент болады деген мақсат қойылды. Халықтың тығыз орналасқанына қарамастан, бізде жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 9 800 долларды құрап отыр. Қытай үшін бұл — үлкен жетістік. 2021 жылға дейін біз кедейшілік мәселесін толығымен шешуді көздейміз. Үш жылдан кейін 400 миллионнан астам адам кедейшіліктің қамытынан құтылады деген жоспар бар. Осылайша, 2021 жылға дейін Қытай толығымен орта топтың деңгейіне шығуы тиіс. Оған дейін кедей отбасылар қалмауы қажет», — деп атап көрсетті Ч.Ханьхуэй.

    Фото: ria.ru

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.