Көктемгі мерекелерге байланысты Қазақстанда қосымша пойыздар шығарылады, деп хабарлады «Жолаушылар пойызы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекелерінде жолаушы тасымалына деген сұраныстың күрт артуына байланысты қосымша пойыздар жүреді. Тұлпар Тальго» вагондарынан құралған «Астана-1 — Алматы-2» бағдарының пойызы 2018 жылғы 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23 және 25 наурыз күндері, ал кері бағдармен 2018жылдың 12, 14, 16, 18, 20, 22 және 24 наурызы күндері жүреді. «Маңғыстау — Құлсары» пойызы Маңғыстаудан 2018 жылғы 19 наурыздан 7 сәуірге дейін тақ күндері, ал Құлсарыдан 2018 жылғы 20 наурыздан 8 сәуірге дейін жұп күндері қатынайды», — делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылы наурыз айында 11 қосымша пойыз рельске қойылған болатын. Сондай-ақ мереке күндері сұраныс көп бағдарлар бойынша 600-ден астам тіркемелі вагондар енгізу жоспарланып отыр.