Елбасының Жолдауына сәйкес Қазақстанның барлық облыстарында мемлекеттік-жекешілік жобалар іске асырылуда.
Былтыр іске асырылған жобалар саны бойынша облысымыз республикада бесінші орынға ие болды.
Жалпы 2017 жылы 48 жобаны іске асыру жоспарланып, оның 20 жобасы облыстық мәслихатта бекітілді, 14 жоба бойынша жекеше әріптестік анықталып, келісім шарт түзілді.
Келісім шарт түзілген 14 жобаның өткен жылдың қорытындысымен Түлкібас ауданы, Ақбиік елді мекеніндегі 100 орындық балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап, Түркістан қаласында «Тарлан батырлары» серіктсетігі жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлерінен (бокс, күрес, дзюдо, таэквандо) жаттығу үрдісін ұйымдастыру бойынша сервистік қызмет көрсетуде.
Былтыр жоспарланған 48 жобасының 2 жоба толық іске асырылған. Қалған жобалар биыл іске асырылады деп жоспарлануда.
Жалпы құны 30,1 млрд. теңгені құрайтын 34 жобаның тиісті құжаттары әзірленуде. Оның ішінде 14 жоба бойынша жекеше әріптестік анықтауға конкурс жарияланды.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды сараптау барысында анықталғаны:
14 жоба бойынша келісім шарттар түзілген. Атап айтқанда: Шымкент қаласы бойынша 5 жоба, Сайрам ауданы 3 жоба, Түркістан қаласы 2 жоба (1 – жоба іске асырылған), Төлеби – 2, Сарыағаш – 1 және Түлкібас ауданы бойынша 1 жоба іске асырылған;
19 жоба бойынша конкурс жарияланды. Атап айтқанда:Шымкент қаласы бойынша 7 жоба, Отырар ауданы — 2 жоба, Сайрам – 2, Кентау– 1, Төлеби – 1, Түлкібас – 1, Арыс – 1, Шардара – 1, Мақтаарал – 1 және Созақ ауданы 1 жоба бойынша конкурс жарияланған;
25 жоба бойынша құжаттар әзірленді. Атап айтқанда: Шымкент қаласы бойынша 5 жоба, Сарыағаш — 7, Қазығұрт — 4, Түркістан — 2, Төлеби – 2, Түлкібас – 2, Шардара– 1 және Сайрам ауданы бойынша 1 жобаның құжаттар әзірленді.