• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жерге қатысты әлеуметтік желіде тарап кеткен алыпқашпа әңгімелер шындыққа сай келмейді

03.03.2018
0

«Жер қатынастарын реттеу туралы заңға» енгізілгелі отырған өзгерістерде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке сату және шетел азаматтарына жалға беру туралы бірде-бір норма жоқ.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев «Жер қатынастарын реттеу» туралы заң жобасына енгізілгелі отырған өзгерістерді тағы бір түгендеп шықты. Оның айтуынша, олар жер телімдерін сату не болмаса шетел азаматтарына жалға беруді көздемейді. Керісінше, «заң жобасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруге жарияланған мораторий шеңберін кеңейтуге бағытталған», – деді вице-министр.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

— 2016 жылдың мамыр айында Елбасының жарлығымен және тиісті заңмен Жер кодексінің жекелеген нормаларына 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий енгізілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға жекеменшікке және шетелдіктерге жалға беруге мүлдем тыйым салынды. Заң жобасында бірде-бір норма қазақстандыққа жекеменшікке беру болмаса шетелдіктерге жалға беру қарастырылмаған. 

Сондай-ақ «Жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтарға және Қазақстан азаматымен некеде тұрған шетелдіктерге шекаралық аймақтардан жер беруге тыйым салуды көздейді. Жалпы, құжатта 5 бағыт қарастырылған. Олар негізінен ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдерін жалға беру, пайдалану және бақылау нормаларын жетілдіруге арналған. Сондай-ақ берілетін жердің аумағы да назардан тыс қалмайды.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

— Осы заңмен бір қолға үлкен көлемде жер берілуге шектеу қойылады. Ол үшін әдістеме жасалды. Сол әдістеме бойынша әр өңірде сол жердің құнарлылығына қарай, климатына қарай, халықтың тығыздығына қарай беріледі.

Естеріңізге сала кетейін, 21 ақпанда жер қатынастарын реттеу туралы заң жобасын Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдаған болатын. Қазіргі уақытта құжат Сенатқа жіберілді.

Дереккөз: 24.kz

Previous Post

ҚР энергетика вице-министрі Сәдібеков Т1 млрд бюджет қаражатын жымқырған деген күдікпен ұсталды

Next Post

Елімізде туризмді дамыту жоспары құрылды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.