Бүгін 16 ақпанда, 2018 жылы Шымкенттегі Түркістан сарайында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халық алдында 2017 жылғы есебін беруде. Кездесуге басқарама басшылары, зиялы қауым өкілдері, қариялар, кәсіпкерлер, облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысып отыр.
Есептік кездесуге дейін халықтың ұсыныс тілектері мен арыз-шағымдарын қабылдау мақсатында Шымкент қаласындағы мекемелерде және аудан, қалаларда арнайы жәщіктер орнатылған болатын. Ондағы талап тілектердің барлығы есеп беру барысында қамтылып, қорытындыланып отыр.
Биылғы есептік кездесудің ерекшелігі жиын барысы толықтай тікелей эфирде, яғни Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің facebook.com парақшасынан және e-gov арқылы тікелей эфирден көрулеріңізге болады. Сондай-ақ, кездесу интерактивті онлайн жүйесі арқылы қамтылған. Бұл дегеніміз облысымыздың барлық аудан-қалаларымен тікелей байланысуға болады.