• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Халқымыздың және басқа да халықтардың итке байланысты мақал-мәтелдері

09.01.2018
0

Шығыс күнтізбесі бойынша 2018 жыл ит жылы болып саналады. Ит қорғансыз бен ренжіген адамға қамқор, ал екі жүзділер мен жалқауларға, алаяқтарға тиісінше жазасын береді деп есептейді мамандар.

Жеті қазынанын бірі саналатын ит – он екі мүшел жылдың бірі, жеті қазынаның басы. Ит түркі тілінен шыққанын бәрі біледі. Ол әр тілде аударылады. Мысалы татарша — эт, өзбекше — ит, қырғызша да ит болады. Қалай дегенмен жеті қазынадан ит тұқымы ойып тұрып орын алған. Бірақ әрбір даладағы ит жеті қазынаға жата бермейді. Оған тек тазы ғана жатады. Ит ол негізінде қолға үйретілген қасқыр болады. Мезолит жылдарында ит адамға серік болған екен. Көбінесе иттер адамға адал болып әр жағдайда көмектеседі. Мысалға көзі әлсіз көретін адамдарға  жол көрсетеді. Арасында иттер өте сезімтал болып келеді. Үйге бір ұры немесе жаман адам келсе, ол бәрін сезеді. Үріп-үріп түбіне дейін қуып шығады. Сондықтан да жеті қазынаның ішіне итте кіреді. Итке көп адамдар адалдықтың символы ретінде қарайды. Ия, шынымен де, ежелден  халқымызда «ит адамның ажырамас серігі» деген пікір қалыптасқан.    Жұлдызшылардың жорамалына қарағанда, ит жылында туғандар әділдікті жаны сүйер, өз құқығы үшін күресуге бар күшін сарп ететін жандар. Оны байлық көп қызықтыра бермейді.

Ит қазақ өмірінде маңызды орын алғандықтан ол туралы қазақта және басқа халықтардың халық аузында жүрген мақал-мәтелдер өте көп. Мысал келтіретін болсақ:

 

Ит жеңгенін талайды.

Ит не жесе, соны құсады.

Иттен өзге бұралқы.

Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.

Иттің басын алтын табаққа салсаң,

Шоршып түседі.

Ит баласы — сүйгінші,

Тұра бара құсқыншы.

Жетелеген ит аңға жарамас.

Жетелеген төбет қораға үрмес.

Үрген иттен қорықпа,

Ол қабам деп хабар бергені.

Үрмеген иттен қорық,

Ол білдірмей қабам дегені.

Ит — жеті қазынаның бірі.

Қартайған ит жатып үреді.

Жетелеген ит сақ болмайды.

Ит міндетін үрумен өтейді.

Төренің иті төрде үреді.

 

Үре білмеген ит үйге қонақ келтіреді.

Күшігінде таланған ит оңбас.

Көк ит көп итті жеңбес.

Бұйдалаған нар тайлақтай,

Жетелеген тазы мойнақтай.

Үре білмеген ит үйіне ұры келтірер.

Ақсақ ит айға қарап үреді.

Оңбағанның иті ұры кеткен соң үреді.

Алжыған төбет айға қарап үреді.

 

Бір ит көріп үреді,

Бір ит еріп үреді.

 

Үрген ит кісі қаппас.

Қабаған ит қайыр байлайды.

Кішкене ит қартайғанша күшік

Ит арбаның астында жатып «сүйредім» дер.

Ит құтырса, иесін қабар,

Торғай құтырса, бүркітке шабар.

Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді.

Ит иттігін істемей қоймайды.

Ит итаяғын жаламай тойынбайды.

Ит аузына түскен соқта жаншылмай қалмайды.

Ит қорыған жерге өш.

Ит атасын танымас.

Иттің атасы жоқ.

Ауыл итінің достығы сүйек тастағанша.

Ит те киімге қарап үреді.

Ит үрген жерде ауыл бар.

Ит иесіне үрмес.

Иттің бәрі тазы емес,

Еттің бәрі қазы емес.

 

Иттің ырылдасқаны — амандасқаны.

Иттің ішіне сары май жақпас.

Итке тұмар жараспас.

Итке артқан қос далада қалады.

Ит — ырыс.

Ит — адамның құлағы.

Ит ұяласын аңсайды.

Ит ұяласынан қорықпайды.

Ит те бойдағында керіледі.

Ит тұмсығы жерде жатпас.

Ит төлеуі — бір күшік.

Ит үреді, керуен көшеді.

Ит жеген ішінен таусылар.

Ит арың болса — ауылдың намысы.

Ит күшігін ырылдап сүйеді.

Жақсы ит — малға серік.

Иттің құйрығын тартсаң, орнына барады.

Ет артқан түйеге ит ереді.

Жүгірген ит мал санатпайды.

Итке мылтық не керек?

Құрсағы жібіген ит жатпас.

Аш ит тапқанын асай береді.

Иесінің түйесі ме,

Тажалдың иесі ме, бәрі бір.

Қырда қасқыр ұлыса,

Үйдегі иттің бауыры сыздайды.

Өзім асыраған күшігім өзімді қапты.

Ауылға жақындағанда ит озады.

Ит иттігін істемесе, іші ауырады.

Итке берсең асыңды,

Иттер тартар басыңды.

Итті «күшім-күшім» десең, аузыңды жалар.

Итті иесімен қина.

Итті күшігінде үйрет.

Қорыққан ит үш күн үреді.

Бұралқы ит үріп жағады.

Үндемеген ит қабар.

«Кет!» десе, ит те кетеді.

Аш иттің артын сұқ ит жалайды.

Жеңген ит желкесінен.

Тауындағы түлкіні табындағы тазы алар.

Ел жатпай ит тынбас.

Жақсы ит — иесінің көзі, құлағы.

Жаман иттің атын «Бөрібасар» қояды.

Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.

Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит.

Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді.

Ауыл итінің құйрығы қайқы.

Көп жорытқан ит күшәлаға жолығар.

Итаяғын ит екеш ит те қорғайды.

Қыры кеткеннің иті қырын жүгіреді.

Алтын қарғы ит мойнында да жүреді.

Иттің де тәңірі бар.

Жас қаншықтың көзі сау.

Ит иесіне тартады,

Түйекеш түйесіне тартады.

Ит ұяласын таламайды.

Иттің құлы — итақай.

Иттің шені — қарғыбауы.

Ит сүйекке қақалмас.

Ит жатқан жерде сүйек қалмас.

Ақсақ ит сау иттен сауға сұрайды.

Еңбексіз ит жер,

Бейнетсіз бит жер.

Майлаған қайысқа ит өш.

Ілгері басқанның иті оттайды.

Сары майдан дәметкен итің құрысын.

Иттің жатқан жері — төсегі.

Құр сүйекті ит те қаузамайды.

Қойға қасқыр шапса, ит семірер.

Елсізде ит те жолдас.

Өз көшесінде ит те жолбарыс.

Күші жоқ ит жүгірмес.

Айыр етекті шапандыға ит өш.

Қасқыр қорыққан төбеттен қаншық қорықпайды.

Ұры ит тойса да, тіміскілеуін қоймайды.

«Кел, кел» көп болса, ит те салауатты.

Ит тойған жеріне.

Ит тобын арыстан бастаса,

Барлық ит арыстан болады,

Арыстан тобын ит бастаса,

Барлық арыстан ит болады.

Ит басына іркіт төгілген.

Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды.

Иттің құсығы өзіне тәтті.

Қасқырлы жердің иті айтақшыл.

Қартайған ит шүкісін шығарып өледі.

Қанден иттің ңартайғаны білінбес.

Шолаң иттің арыны ңатты.

Ит айдауға көнбейді,

Шошңа байлауға көнбейді.

Ерке ит ауыз жалайды.

Ит иесін қаппайды

Сүйекпен ұрған ит қыңсыламайды.

Қорасында қойы жоқтың итінің сағын қара.

Жарамсақтанған ит жатқанша таяқ жейді.

Күніне жүз түлкі алса да,

Тазының ит аты қалмайды.

Ауыл иті ала болса да,

Бөрі келгенде бірігеді.

Ауыл-үйді бала мен ит араздастырады.

Итке маржан не керек?

Ит ашуын тырнаумен алады.

Қазаннан қақпақ кетсе,

Иттен ұят кетеді.

Иттің күні үрумен өтеді.

Ит жегенше иесі жесін.

Қанден ит қартайса да, шәуілдеуін қоймайды.

Құс қарайды құрымға,

Ит қарайды жұрымға.

Итке сүйек тастасаң қаппайды.

Иесі баққан ит семіз.

Иттің құтырғаны — өлгені.

Қырдағы қырғауылды қырамын деп,

Үйдегі тазыңнан айырылып қалма.

Иттің бажасы көп, құдасы жоқ.

Ит жүрсе, сүйек табады.

Далада бөрі ұлыса,

Үйдегі иттің іші ашиды.

Көпке күлкі керек,

Тазыға түлкі керек.

Жинақтаған: Жансая Елемесова

 

 


 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.