2018 жылдан бастап әлеуметтік жәрдем ақы мөлшері 6 пайызға артты. Енді ай сайын төленетін зейнетақының соммасы 33 745 теңгені құрайды. Базалық зейнетақының да көрсеткіші 8 пайызға өсіпті. Былтыр ең төмен күнкөріс мөлшері 24 459 теңге болған болса, биыл 28 284 теңгені құрап отыр. 2018-2020 жылдарға бекітілген Республикалық бюджет заңына сәйкес, қаңтар айынан бастап отбасыда дүниеге келген алғашқы үш сәбиге 91 390 теңге жөргек пұл төленеді. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандарға қарастырылған мемлекеттік әлеуметтік көмек 6 пайызға өсіпті. Мәселен, 1 топтағы мүгедектерге биыл 54 306 теңге, екінші топтағыларға 43 275 теңге, үшінші топқа жататын жандар 29 416 теңгені ай сайын алатын болады. Ал 1940-1946 жылдары ҰОС қатысқан ардагерлерімізге биыл 68 480 төленеді екен. Жаңа жылда енген өзгерістердің қатарында Ауған соғысы және өзге де қақтығыс салдарынан жарақат алып көз жұмған, хабарсыз кеткен әскерлердің, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасылары да ұмытылмаған. Яғни, биылғы есептеу бойынша аталған жанұяларға 11 039 теңге төленбек.
«Жаңа жылдан бастапҰлы Отан соғысы жылдарында 6 айдан кем емес тылда еңбек еткен және бұрынғы КСРО-ның еңбек үшін ордендері мен медальдарымен марапатталмағандарға 5 123 теңге, Чернобыль апатынан зардап шеккендер 18 158 теңге, сондай-ақ Чернобыль АЭС және басқа да радиациялық апат салдарынан қаза болғандар отбасына — 4,59 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленбек.
Ал елге ерекше еңбек сіңірген тұлғаларға — 2 574 теңге көлемінде көмек көрсетілмек,- дейді ҚР әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ОҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Сабыржан Дадаметов.