Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына дайындық басталып кетті
    Жаңалықтар

    Шымкентте ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына дайындық басталып кетті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа04.01.2018Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласында 2020 жылы болатын ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына дайындық басталып кетті. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында  қаланы жоспарға сай жан-жақты дамыту мәселесі талқыланды.  Онда шаһардағы ғимараттардың сәулеттік келбетін ретке келтіру, мәдени нысандар салу, абаттандыру және инфрақұрылымды жетілдіру жайы сөз болды.

    Жиынға қала әкімі Н.Сауранбаев пен әкім орынбасарлары және жауапты сала басқармалаларының басшылары қатысты.

    Шымкент қаласының осындай мәртебеге ие болуы баршамыз үшін үлкен жауапкершілік екенін айтқан аймақ басшысы бұл шараны жоғары деңгейде өткізу үшін дайындықты бүгіннен бастауды тапсырды.

    «Ең алдымен қаланы дамыту бойынша іс-шара жоспарын бекітіп, сол бойынша жүйелі жұмыстарды атқару керек. Екінші шаһар аумағын жасыл желекке айналдыру мақсатында арнайы карта әзірлеген жөн. Ал көпқабатты үйлердің қасбетін ретке келтіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүзеге асыруларыңыз тиіс. Сонымен бірге, келуші қонақтар мен тұрғындарға жайлы демалыс сыйлайтын скверлер мен Арбат көшесін салған тиімді. Шымкенттің көне қала екенін айғақтайтын «ескі шаһар» аумағында жүргізіліп жатқан архелогиялық зерттеуді тоқтатпау қажет»,- деді Ж.Түймебаев.

    Осылайша Шымкент қаласы алдағы үш жылда көркейе түспек. Атап айтқанда қаланың дамуы жаңа бағытта күшейтетін  «Шымкент — Сити» жобасы жүзеге асып,  қала орталығынан Арбат көшесі ұйымдастырылмақ. Ал, Шымкенттегі  ескі қала орнының аумағында археологиялық ашық аспан астындағы музей құрылмақ. Мұнан бөлек, «Шатқал» бағдарламасы бойынша егілген көшеттер 2020 жылға дейін жайқалған жасыл желек және саябаққа айналатын болады. Бұған қоса, алдағы уақытта қаланың жасыл аймағын 18 мың гектарға жеткізу жоспары тұр. Сондай-ақ, барлық ғимараттар жарықпен безендіріліп, шаһардың сәулеттік-көркем жарығы түнгі бейнені жарқын әсерге бөлейтін болады.

    Сонымен қатар, өңір басшысы облыс орталығының аумағына қосылған жаңа аудандарды абаттандыруды назардан тыс қалдырмауды да тапсырды.

     

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.