ОҚО әкімінің өкімімен 2017 жылдың 4-ші тамызында Бақтияр Мамаев Сайрам ауданының әкімі болып тағайындалды.
Шымкент қаласына іргелес жатқан ауданды басқарғанына 4 айдан асқан Бақтияр Сапарәліұлы Сайрамда 104 азамат өзге дін ағымының жетегіне кеткенін айтты. Оның 80 пайызы- өзбек ұлтының азаматтары болса, қалғаны қазақтар. Су жаңа әкім Сайрамдағы мемлекеттік қызметкерлерге талаптың жоғары екендігін де тілге тиек етті. Ауданның тоғызыншы әкімі тұсында 4 ауыл әкімі мен әкімдік аппаратындағы екі бөлім басшысы жаңадан тағайындалып үлгерген. «Өздеріне берілген міндеттер мен талаптарды орындамаса, алдағы уақытта тағы да біразымен қоштасуға тура келеді»-деді Бақтияр Мамаев.
Гүлжан Нұрланқызы