Тәуелсіздік мерекесіне орай білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкерлер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Олардың қатарында облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Әнуарбек Бейсе, білім саласының ардагерлері мен мектеп директорлары сондай-ақ, білім беру саласының демеушілері бар.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, білім және ғылым саласын дамыту мемлекет саясатының өзгермес басымдығына айналды. Сонымен қатар, бұл сала еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуының басты бағыты ретінде қарастырылған.
Марапатқа ие болған жандарды облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов құттықтады. Ол әріптестеріне әрқашан білім саласын дамытып, биіктерден көріне берулеріне тілектестігін білдірді. Есігімізді ашқалы тұрған ит жылы баршаңызға табысты болып, білім көкжиегінде жемісті еңбек етулеріне өз тілектестігін жеткізді.