Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
… Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп ерекше назар аударды. Бұдан бөлек Елбасы өзінің әрбір Жолдауында Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап білім саласының дамуына бағыт бағдар беріп отырды.
Осы мақсатта Бәйдібек аудандық Садық Әбдіжаппаров интернатында «Қалыш ана» атындағы стипендиясы 12 оқушыға тағайындалды. Білімге деген құштарлығын одан әрі тереңдей түсуіне және өзге қатарластарын ынталандыруды көздеген білім мекемесі үздіктерге өз қамқорлықтарын көрсетті.