Ресей Федерациясының «Память» іздестіру тобы «Айғақ» телеарнасымен 5 жылдан бері тығыз қарым-қатынас жүргізіп келеді. Мақсаты — Ұлы Отан соғысы жылдары із-түссіз кеткен жауынгерлердің сүйегін тауып, олардың мәңгілік туған жерінде тыныс табуына мүмкіндік жасау. Осы орайда, қазақстандық бірнеше жауынгерлердің сүйегі «Айғақ» телеарнасымен бірігіп елге жеткізілген болатын.
Бұл жолы да «Память» іздестіру тобының жетекшісі А.Кузнецовтан хат келіп отыр. Ол өз хатында майор Федор Леонтьевич Еськовтың туыстарын іздестіріп табуына көмек сұрап отыр. Ф.Еськов туралы ақпарат 2017 жылдың 3 желтоқсанында «Рубеж» іздестіру тобының қажырлы жұмысының арқасында РФ Запорож облысы, Каменско-Днепровск ауданы, Днепровка селосының оңтүстік-батысына қарай 9 шақырым қашықтықта құлаған ұшақтың қалдықтарынан табылып отыр.
РФ Мәскеу облысы орталық архивіндегі құжаттарды зерделеу барысында оның әйелі Жамбыл облысының қазіргі Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы ауылы (бұр. ст.Бурное) мен Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылында (бұр. Евгеньевка селосы) тұрған.
Еськов Федор 1908 жылы РФ, Курск облысы Ясенов ауданы, Еськово деревнясында туылған. Ол авиациялық дивизияның гвардия майоры болып борышын өтеп жүріп соғысқа аттанып, 1943 жылы 20 желтоқсанда із-түссіз жоғалып кеткен.
Осы мақсатта, «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы Жамбыл облысына журналистік зерттеу жүргізу үшін жолға шықты.