Өткен жылдың сәуірінде Леңгір қаласында «Янгуан» жиһаз цехы өз жұмысын бастаған болатын. Жобаны құны 100 млн. теңге.
Бір айда 500 данадан астам жиһаз өндіретін кәсіпорын өткен жылы 6125 орындық, ал осы жылдың 10 айында 6348 орындық жасап шығарған. Кәсіпорында жалпы саны 50 адам жұмыс жасайды. Орындықтарды жасауға қажетті ағаш Петропавл, Павлодар қалаларынан тасымалданады.
«Айғақ-ақпарат».