• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Оңтүстік Қазақстан облысында туризм саласында құны 297,3 млрд. тг жоба іске асырылады

30.10.2017
0

Үкімет туризмді дамытуға баса мән береді. «Дүниежүзілік саяхаттар және туризм кеңесінің» бағалауы бойынша, Қазақстан 2016 жылы туризм индустриясы мен туризмде үздік жетістіктерге жеткен Топ-10 елдің қатарына енді. 2023 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың бекітілген Тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда алты мәдени-туристік кластер құрылады:

«Астана – Еуразия жүрегі»,

«Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы»,

«Алтай інжулері»,

«Ұлы Жібек жолын жандандыру»,

«Каспий қақпасы»,

«Табиғат пен көшпелі мәдениеттің біртұтастығы».

Осының ішінде «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту» кластері Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерінен, ОҚО-ның оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бөліктерінен және Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігінен тұрады. Туристік мүддеге ие басты орындары:

1)  Заманауи Түркістан қаласы;

2)  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (ЮНЕСКО нысаны);

3)  ЮНЕСКО-ның алдын ала әзірленген тізіміне қосылған орта ғасырлық Отырар қалашығының және Отырар шұратының археологиялық нысандары;

4)  Сауран археологиялық кешені;

5)  Палеолиттік учаскелері мен геоморфологиясы бар Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы; ЮНЕСКО-ның алдын ала әзірленген тізіміне қосылған Арпа-Өзен таңбалы тастары.

6)  Сайрам-Өгем МҰТП

7)  Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы;

8)  «Байқоңыр» кешені;

9)  «Қасқасу» таулы шипажайы;

10)  Қызылорда, Сарыағаш, Шардара, Тараз қалалары.

Кластердің орталық нысаны Қазақстанның халықаралық ғибадат ету және туризм орталықтарының деңгейінде мойындалған, рухани, тарихи-мәдени және туристік орталығы – Түркістан қаласы болады. «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту» кластері «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде ұсынылатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге рухани, тарихи-мәдени туризм жатады.

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 297,3 млрд. тг жобаны іске асыру көзделіп отыр, оның ішінде мемлекеттік инвестицияның көлемі 6,3 млрд. теңге.

Іске асыруға жоспарланған жобалар:

Түркістан қаласында «Көне Түркістан» туристік жоба жүзеге асырылады. Жалпы жер көлемі: 99,6 га. Жоба жүзеге асқанда 250 адам жұмыспен қамтылады.

«Қасқасу» тау шаңғы кешенін дамыту 56,6 га жер көлемінде жүзеге асып, 1000 адамға арналған жұмыс орындарын ашу көзделуде,

«Сарыағаш» жаңа курорттық қалашық. Жаңа 1500 адамға жұмыс орнын ұсынатын жоба 630 га жер көлеміне салынады.

255,3 га жер көлеміне «Шардара» жағажай туризмі дамытылмақ. 500 адамды жұмыспен қамтуға бағытталған бұл жобаның жалпы құны 10,7 млрд. теңгені құрап отыр.

«Айғақ»-ақпарат.

Previous Post

«Домалақ ана» кесенесінің жанынан қонақ үй ашылды

Next Post

Мақсаты — айқын, міндеті — зор

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.