Сталинград шайқасына — 70 жыл!
Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерiнiң басында-ақ өздерiнiң борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Мыңдаған жауынгерiмiз жат елде жан тапсырып, ұрыс даласынан жарақатпен оралды. Осыған орай, «Айғақ» телеарнасының түсiрiлiм тобы Ресей Федерациясындағы батыр қала Волгоград жерiнен түсiрiлiм жасап қайтты. «Айғақ» Медианың» басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбiш бастаған шығармашылық топ бiр жетiге жоспарлаған сапар барысында Кеңес Одағының Батыры, жерлесiмiз Қарсыбай Сыпатаев жерленген Қалмақ Республикасында да болды. Қазақтың қайсар ұланы, Ордабасы ауданының азаматы Тәлiп Мырзаев өшпес ерлiк көрсеткен «Павлов үйiн», «Мамай қорғанынан» арнайы түсiрiлiм жасады.
Сталинград майданында қазақстандық сұңқарлар мәңгi өшпес ерлiк көрсеттi. Қазақтың қаһарман ұлы Нүркен Әбдiров 1942 жылы Орынбордағы авиаучилищенi бiтiрген соң 267-авиация дивизиясының құрамындағы 803-авиациялық шабуылшылар полкiне жiберiлдi. Сол полкте жүрiп 16 рет әуе шайқастарына қатысып, фашистердiң 12 танкiсiн, 28 автомашинасын, 18-оқ-дґрi тиелген машинасын, 3 жанармай цистернасын, 8 зеңбiрегiн жойып жiберiп, 80 немiс солдаты мен офицерiн жойды. 1942 жылы 19 желтоқсанда 17-шi жауынгерлiк сапарына ИЛ-2 ұшқыштар звеносын басқарып шығып, жаудың Боков-Пономаревка ауданындағы бекiнiсiнде шоғырланған техникаларын жоюға аттанды. Сол сапарында өрт шалған ұшағын жау техникасы шоғырланған жерге бағыттап, қаһармандықпен қаза табады. Асыл азаматтың cүйегi Ростов на Донуда жатыр. Боков ауданы, Коньков хуторының шет жағасындағы мына бейiтте орыс, украйн, белорусь және өзге де ұлттың баһадүрлерi жатыр. Десе де мұнда бiздi жетелеп әкелген қазақ баласы Нұркеннiң рухы!
Ерлiгiне сүйсiнген халық ескерткiш қойды басына. Ал 1943 жылы 31 наурызда Нүркен Әбдiровке Кеңес Одағының Батыры атағы берiлдi.
1942 жылдыє 17 шiлдесi. Бұл Сталинград қаласының маєында қанды шайқас басталып, көк аспаны қара түнекке айналған күн. Волга, қазақша Едiл өзенiнiң жағасына жайғасқан шаһарға немiс фашистерi тап берiп, үстi-үстiне бомбыны лақтырып жатты. Сол сәтте Кеңес Үкiметiнiң әскерлерi жан-жақтан бас қосып, әрбiр үй үшiн, қарыс қадам жер үшiн бастарын қауiпке тiгiп, жан аямай шайқасты. Дон мен Едiл өзенiнiң бойындағы Сталинград майданы 200 күнге ұласып, қаланың қақпасы мәйiттен босамады. Сондықтан, фашистер Сталинградқа баратын жолды «өлiм соқпағы» деп атап, сол кездегi оқиғаны қорқынышты түске теңептi. Дүниежүзi тарихында қанмен жазылған Сталинград шайқасы 1943 жылдыє ақпан айында аяқталып, Жеңiске Кеңес Одағының әскерлерi қол жеткiздi. Дәл осы майданға 90 мыңға жуық Қазақстандық қатысып, өлiм қаупiне елең етпей, маєызы зор үлес қосты. Сталинград шайқасы үшiн Қазақстаннан шыққан Ұшқыш Нүркен Әбдiров, минометшi Қарсыбай Спатаев, полк командирi Т.Позолтин, взвод командирi Г.Рамаев Кеңес Одағының Батыры атанып, ел намысын көтердi. Алайда, қандастарымызға көбiне Ресей елiнiң топырағы бұйырып, жыраққа жер жастанды.
Сталинград шайқасына қатысқандардың құрметiне байланысты төбеде биiктiгi 85 метр, салмағы 8 мың тоннаны құрайтын алып ескерткiш тұр. Мұнда Кеңес Одағының 37 Батырына шексiз құрмет көрсетiлiп, есiмдерi жазылған белгi тастар қойылыпты. Соның алдыңғы қатарынан батыр бауырымыз Нүркен Әбдiровтың аты-жөнiн оқып, кеудемiздi мақтаныш сезiмi кернедi.
Сталинград майданы Қазақстанға ең жақын жер болатын. Сондықтан, бұл маєда күрескен қазақстандықтар артқа бiр қадам шегiнбестен, қамалды қорғады. Қазақстаннан көптеген техникалар, қажеттi заттар жiберуде тылдағылар да аянбаған. Мәселен, батыр қаланың әр кiрпiшi үшiн соғысып, жауды жеңгендердiң бiрi «Павлов үйiн» қорғаған кiшi гарнизон азаматтары. Әр ұлттың өкiлдерiнен құралған жауынгерлер осы үйдi азат етiп, қорғап қалу үшiн барын салған. Соның ортасында тек бiр қазақ болыпты. Ол — Оңтүстiк Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы Бадам елдi мекенiнiң тумасы, жерлесiмiз — Тґлiбай Мырзаев. Жаудың оғынан “Павлов үйiн” қорғап, ерлiк көрсеткен ердiң есiмi үйдiң қабырғасындағы мемориалды тақтада жазулы түр. Волгоград қаласына Қазақстаннан барған топты Павлов үйiнiң төменгi қабатында Ұлы Отан соғысының ардагерi, полковник — Владимир Туров қабылдады. Жасы 95-ке таяған қария талайдың көзiн көрiп, қиындықты бастан кешкен. Соғыс жылдарындағы қиян-кескi ұрыстар мен қазақ ұлдарының ерлiгi туралы баяндаған ол көзiне ерiксiз жас алды.
Коньки хуторы деген жерде жатқан қандасымызға туған Отанында арнайы белгi тас жасаттық. «Айғақ» телеарнасының басшысы себепкер болған ескерткiш тақтайшаны басына орнатудағы негiзгi мақсат iздеушi елi, сағынатын жұрты бар екенiн сездiрту. Аты-жөнi, өмiр сүрген жылдары жазылған тақтайшаны орнатып болған соң, құран бағышталып, мұсылмандық дәстүр жасалды.
2016 жыл.