• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Елорданың бас көшесімен тарихтан сыр шертетін өнер керуені жүріп өтті

30.08.2017
0
Астана қаласының бас көшелерімен «Түркі елінің түп тамыры-Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» атты өнер керуені жүріп өтті.
Еліміздің тарихынан сыр шертетін сазды керуен «Ғашықтар»  алаңынан «Бәйтерек» алаңына дейінгі аралықты қамтыды.
Керуен сапында  Алтын адам, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби сынды тарихи тұлғалар мен ғұламалар, хандар мен батыр, билер бейнесіндегі өнер азаматтары, ЭКСПО аруы мен ұлттық киім киінген әнші, бишілер, цирк өнерпаздары және тайқазан, арба сынды ұлтық құндылықтарымызды айшықтайтын бұйымдар бар. Өңірдің тарихи келбетін танытар өнер көшіне 500-ге жуық өнерпаз қатысып, жергілікті композиторлар Ш.Қалдаяқов, С.Бəйтерековтің əндерін қосыла орындады.
Керуен басы «Қазына», «Шаттық», «Шамсинур» би ансамбльдерінің орындауындағы «Мереке думан» биімен бастау алып, «Бәйтерек» алаңында 600 жас домбырашының бір мезетте Қ.Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін орындауымен аяқталды.
Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы бірінші күні «Бәйтерек» алаңында облыстың өнер шеберлерінің «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017!» мерекелік концертімен қорытындыланды.
Концертте ҚР Мәдениет қайраткері Айжан Таженова «Домбыра туралы баллада» орындаса, «Оңтүстік-Цирк» мекемесінің «Х-бэнд» эстрадалық джаз ансамблі заманауи шығармалар ұсынды. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері «ЭКСПО-2017» туралы ән шырқаса, «Семсер» тобы «Отырардағы той» əнімен өңірдің киелі өлкесін дəріптеді. «Өркен» отбасылық ансамблі, «Асу» триосы мен көптеген өнер саңлақтары  өнер думанымен Астана кешін асқақтатты. Оңтүстіктің тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, эстрада əншісі Гүлнəр Сиқымбаева астаналық көрерменді əсем даусымен тəнті етті.
Көрерменді ән мен күйге бөлеген Оңтүстіктің өнер майталмандары бүгінгі кеште 30-дан аса таңдаулы нөмірлерімен ел ықыласына бөленді.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Сəдібеков Ұласбек Сəдібекұлы еліміздің барлық облыс әкімдері қол қойған ЭКСПО туын «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Жошыбаев Рапиль Сейтханұлына салтанатты түрде табыстады.
Айта кетейік, 29 мамыр күні  оңтүстікқазақстандық 10 байкер ЭКСПО-2017 көрмесінің құрметіне республикалық мотошеру ұйымдастырып, мотоциклмен еліміздің бірқатар облыстарын жүріп өтіп Астанадағы өтіп жатқан халықаралық мамандандырылған көрмесіне келген болатын.
Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында күнгей жерінен келген 1 мыңнан астам əртістер астаналықтарға өз өнерлерін ұсынатын болады.
 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

Елімізде 29-қазан күні сайлау өтеді

Next Post

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.