• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Ж.Түймебаев: Біз абдыруға емес, рухани жаңғыруға бет бұрған жұртпыз

29.08.2017
0

Ж.Түймебаев: Біз абдыруға емес, рухани жаңғыруға бет бұрған жұртпыз

 

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясындағы аймақ ақын-жазушыларының шығармашылық кездесуі мен «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих», «Жаһан таныған жеті тұлға» атты кітап көрмесінің тұсаукесерінде айтты.

ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өткізілген кездесудің мақсаты Тәуелсіз еліміздің бірегей жеңісінің, халықаралық аренадағы жетістігінің бірі, төрткүл дүние көз тіккен дүниежүзілік басты оқиға – «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қолдау көрсету. Осынау айтулы дүбірлі мерекеге орай, оңтүстікқазақстандық қаламгерлер астаналық оқырман қауыммен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау, сыр-сұхбат құрып, ой бөлісу болып табылады.

«Рухани жаңғыру — болашақтың кепілі» атты іс-шараға бас қаладан мейман ретінде белгілі тұлғалар Оразкүл Асанғазы, Ғарифолла Есім, Мырзагелді Кемел, Қалқаман Сарин, Гүлғайша Сағидоллалар қатысса, күнгейлік рухани топтың басы-қасында Еркінбек Тұрысов, Мархабат Байғұт, Ханбибі Есенқара, Әселхан Қалыбекова, Бақытжан Алдияр, Дәурен Айманбетов және Мұқағали Кенжетайұлылар қатысты. Кешті ақын Қабылбек Төретай жүргізіп отырды.

Жиында сөз бастаған облыс басшысы Жансейіт Түймебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жайлы ойын білдіріп, бүгін тұсауы кесіліп отырған кітаптар көрмесіндегі әрбір шығармаға ерекше тоқталып өтті.

«Біз кезінде ерікті, еріксіз алыстап кеткен өз рухани құндылықтарымызға қайта келе жатқан жұртпыз. «Рухани жаңғыру» соның көрінісі. Қазіргі кезде рухани жаңғыру аясында әдебиет мәселесіне қатысты өрелі ойлар ортаға салынып жатыр. Әрбір облысқа қатысқан әдеби ортаның шығармашылық әлеуетін көтеру оларға тың серпін береді. Аймақта түрлі республикалық деңгейдегі мереке, айтулы күндерге орай, сондай-ақ өлкені таныту мақсатында да түрлі кітаптар шығарылып тұрады. Бүгін тұсауы кесілгелі отырған екі кітап соған дәлел», — деді ол.

Сонымен, «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабы жайлы толығырақ тарқатсақ. Бұл — бөлекше бітімді, мазмұны мен маңызы өзгеше туынды. Шынында да жаһан жан–жақтан таныған, күллі жер жүзі кемеңгерлер ретінде мойындаған, адамзаттың, әлемдегі мерейлі мемкеттердің тағдыры мен тарихында теңдессіз рөл атқарған және атқарып келе жатқан жарқын да жасампаз тұлғалар бейнеленген. Жеті алып та – айрықша алыптар. Қайталанбас құбылыстар. Олар: Нұрсұлтан Назарбаев, Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Уинстон Черчилль, Мустафа Кемаль Ататүрік, Шарль Де Голль және Ли Куан Ю. Кітапта «Ғибрат ғұмыр үздіктері» деген тақырыппен титан тұлғалардың әрқайсысына мәнісі терең мінездемелер берілген. Әрине, олардың ортасынан ойып тұрып орын алған Ұлы дала перзенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырудағы қиын да, күрделі кезеңдерден жол тауып шыққандығы баяндалады. Авторы Абай Ескендіров 656 беттен тұратын бұл кітапты 4 жылда жазып шыққан.

Ал «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих» — «Личность. Независимость. История» кітабы үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыдағы «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған. Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте гі кездесулері сәтті суреттерімен  әңгімеге арқау болған. Ал үшінші бөлімде мемлекет басшысының облысымызға 1991 жылдан басталған сапарлары жан-жақты баяндалады. Басылымға таяудағы оңтүстік өңіріне жасаған сәуірдегі сапары да енгізіліп отыр. Кітап екі тілде шыққан. Екі кітап та «Қазығұрт» баспасынан басылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Астанаға оңтүстікқазақстандық қолөнер шеберлері 1500-ден астам құнды жәдігерлерін алып келді

Next Post

Қазақстан халқы Конституция күнін атап өтуде

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.