Облыстық еңбек инспекциясын енді Алмасбек Мамытбеков басқаратын болады. Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы география және биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес бакалавры. Еңбек жолын 1987 жылы Шымкент облысы Түлкібас ауданының құс фабрикасында жұмысшы болып бастаған. Шымкент қаласы әкімдігінің дербес бөлімдерінде еңбек еткен. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің қоғамдық келісім және ақпарат, мәдениет және жастар ісі басқармаларында жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, «Нұр-Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары лауазымдарында еңбек еткен. Осы тағайындауға дейін, Ордабасы ауданының әкімі қызметін абыроймен атқарды.
«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ИДЕЯДАН ІСКЕ АСЫРУҒА ДЕЙІН»
Түркістан «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК және Қазақстан педагогикалық ғылымдары академиясымен бірлескен «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ИДЕЯДАН ІСКЕ АСЫРУҒА ДЕЙІН» атты республикалық...