Созақ ауданына қарасты төрт бірдей ауылда жаңа әкімдер орынтағына жайғасты. Шолаққорғаннан 200-дей шақырым қашықтықта жатқан Шу, Тасты, Жуантөбе ауылы мен Қыземшек кентіне сайланған әкімдерді аудан әкімі Салыхан Полатов халыққа арнайы барып таныстырды. Дәстүр бойынша ауылдың ақсақалдары бата беріп, абырой тілеген жиынға біздің арнаның түсірілім тобы да қатысқан болатын.
ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА
Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...








