Созақ ауданына қарасты төрт бірдей ауылда жаңа әкімдер орынтағына жайғасты. Шолаққорғаннан 200-дей шақырым қашықтықта жатқан Шу, Тасты, Жуантөбе ауылы мен Қыземшек кентіне сайланған әкімдерді аудан әкімі Салыхан Полатов халыққа арнайы барып таныстырды. Дәстүр бойынша ауылдың ақсақалдары бата беріп, абырой тілеген жиынға біздің арнаның түсірілім тобы да қатысқан болатын.
ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ
Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...










