• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ЕХРО-2017 көрмесі бизнестің тамырына қан жүгіртті

24.08.2017
0

Қазақ жерінде тоғысқан дүниежүзінің озық технологияларын өз көзімен көруге асыққандардың қарасы қалың.

Астанаға ат басын бұрған шетелдіктер де көп. Қонақ үйлер меймандардан арылар емес. Мыңдаған келушінің арқасында елорданың бизнесі көтерілді. Қазынасы толды.

Қонақ үй жұмысшыларының бос уақыты жоқ. ЕХРО басталғалы қарбалас. Келушілер көп. Қонақтарға арналған 32 бөлме бар. Сұраныс жоғары. Әсіресе шетелдіктер көп келеді дейді. Кешеннің директоры екі жарым айдың ішінде қанша пайда тапқанын жасырғанымен, «1000-ға жуық қонақ күттік» деп отыр. Ал мұндағы нөмірдің құны 17 мыңнан басталып, 30 мыңға дейін жетеді.

Айгүл Нұреева, қонақ үй директоры:

— Алдыңғы жылға қарағанда біздің қонақ үйдегі қонақтардың саны ЕХРО-ға байланысты 4 есеге асты деп айта аламын. Алдыңғы жылы күніне 5 нөмір болса, осы жылы күніне 30 нөмірге дейін қонақ келеді. Біздің қонақүйге Германиядан, Сауд Арабиясынан көп келді. Біз олармен сөйлесеміз. Астана туралы сұраймыз. Қазақстан туралы сұраймыз. «Қатты ұнады» деп айтып жатыр.

ЕХРО көрмесі бизнесмендердің де несібесін еселеді. Көрмені тамашалауға келгендердің жүрек жалғап, аз-кем аяқ суытқысы келетіні белгілі. Қалашықтағы ас-ауқат сатылатын дүкендер мен мейрамханалар 560 мыңға жуық адамға қызмет көрсеткен. ЕХРО-ға келушілер 131 млн теңгеге тамақтанған. Ал жалпы тауар айналымы 900 млн теңгеден асады.

Виталий Косенчук, аспаз:

— Бастапқы тапсырма бойынша күніне шамамен 5 мыңға жуық адамды тамақтандыруымыз керек еді. Сенесіз бе? Біз қазір күніне 8 мыңға жуық қонаққа қызмет көрсетеміз. Кейде үлгере алмай жатамыз. Әсіресе түскі ас кезінде келушілер көп. Меніңше, шілдеде қонақтар көп болған сияқты. Біз тамызда келушілер легі азаяды деп болжаған едік. Олай болмады. Қонақтар әлі де келіп жатыр.

ЕХРО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген заманауи технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетілді. Сол арқылы біз әлемдегі озық техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә болып отырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Все наши гостиницы Астаны заполнены. Бизнес сейчас, по-молодежному говоря, «кайфует» от этого, потому что много людей. Масса народу, которая приехала, подняла бизнес. И поступления в бюджет города поднялись в несколько раз.

ЕХРО әлем халықтары арасындағы достықты нығайта түсті. Мамандардың айтуынша, халықаралық көрме еліміздегі ішкі туризмнің тамырына қан жүгіртті. Мәселен, көрме кезінде Бурабайға келген шетелдіктердің саны 3 есеге артқан.

Жабал Ерғалиев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

— Мұның өзі біздің өрісіміздің кеңейгендігі. Көзіміз ашылды. Қаншама мәдениеттерді көрдік. Қаншама технологияларды көрдік. Біз жер бетіндегі тыныштықты, мәдениеттерді жақындастыру арқылы халықтардың бір-біріне деген сенімін, бір-біріне деген сүйіспеншілігін нығайту арқылы бейбітшілікке қол жеткізетінімізді Елбасымыз айтып келе жатыр. Осы жолы да өзінің сұхбатында айтты.

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик:

— ЕХРО-ның әсері мол. Тек көрме емес, оның саяси бағдары, әлеуметтік бағдары, туристік жағы бар. Түркістанға биыл адам көп келгенін айтып жатыр. Сонда ЕХРО-ға келген адамдардың біразы Түркістанға барып жатыр екен.

«ЕХРО бізге не береді?» деген сұраққа жауап тапқандаймыз. Үш ай бойы әлем назары Астанаға ауды. Бизнес пен туризмнің тамырына қан жүгірді. Баламалы энергия саласындағы озық технологиялармен таныстық. Ендігі мақсат – көрген-білгенімізді көкейге түйіп, көштен қалмай «Болашақтың энергиясын» дамытуды қолға алу.

Дереккөз: 24.kz

Previous Post

Ақышев «ешкімнен қорықпа» деп қолдау көрсеткен президентке алғыс айтты

Next Post

Ұлттық банк басшысы тамызда теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.