• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Сағынтаев мемлекеттік органдар мен әкімдерді не үшін сынады?

23.08.2017
0

Жаңа кеден кодексі Қазақстанның кеден саласындағы сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресуге жағдай жасайды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік бағдарламаларды орындаудағы кемшіліктер үшін жауаптыларға ескерту жасап, нақты тапсырмалар берді. Бүгiн Үкiмет отырысында қаралған негізгі мәселелер туралы baq.kz ақпарат агенттігінің шолуы.

Жаңа кедендік кодекс не береді?

Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік кеден саласындағы заңнамаға өзгерістерді талап етіп отыр. Жаңа кеден кодексінің жобасы сол талаптарды ескере отырып жасалды. Атап өтетін нәрсе, оны дайындауға бизнес өкілдері де қатысты. Бұл бүгінгі отырысқа «Атамекен» палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің келіп, қағазға қарамай кодексті бүге-шіге талдауынан да көрінді.

Қазақстан Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов пен Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа құжаттың тиімді жақтарын атады. Соның ішінде:

  • Тауарларды декларациялау және шығару процесі автоматтандырылатын болады.
  • Қалыпты жағдайда жаңа жүйе кедендік декларациялар бойынша шешімді санаулы минуттарда қабылдай алады.
  • Декларацияны қараудың ең жоғарғы мерзімі 1 жұмыс күнінен 4 сағатқа дейін қысқартылды.
  • Нәтижеде бизнес шығындары елеулі төмендейді, тауарларды өткізу пункттер арқылы өткізуді жеделдетеді.
  • Кедендік декларациялау электронды түрде жасалады. Қандай да бір растаушы құжатты ұсынудың керегі болмайды. Барлық қажетті мәлімет декларацияда көрсетіледі.
  • Қағаз түріндегі декларациялау кей жағдайларда ғана, мысалы, техникалық ақаулықтар кезінде қолданылады.
  • Жобада «бір терезе» механизмін пайдалану мүмкіндігі заң жүзінде қарастырылған.

Кеден органдары декларация толтырушыдан ақпараттық өзара әрекеттестік аясында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алынған құжатты сұрамайды.

«Яғни, егер өрескел ереже бұзушылық анықталмаса, кедендік органдардың ақпараттық жүйесі декларацияны лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз шығарады», — деді Тимур Сүлейменов.

Бұл нормалар декларациялау процесін айтарлықтай жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік береді.

«Жаңа Кодекс күшіне енген соң біз мемлекеттің және бизнестің өзара іс-қимылының жаңа деңгейіне шығамыз және сыртқы экономикалық қызмет одан да оңайландырылған және реттелген болады деп санаймыз», — деп түйiндедi Бақыт Сұлтанов.

Игерілмеген 60% қаражат

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттiк бағдарламалардың жүзеге асыру барысын сынады. Атап айтсақ, 7 айдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлiнген қаражаттың 40 пайызы ғана игерiлген. Яғни, қаражаттың басым бөлiгi жылдың екiншi жартысында игерiліп жатыр.

Сағынтаев Бурабайда өткен отырыста Президент Назарбаев айтқан сын-ескертпелерден нәтиже шығаруды талап етті. Соның ішінде Бiлiм және ғылым министрi және Ұлттық экономика министріне бiлiм беру нысандарының уақытында пайдалануға берiлуiне мониторинг жасап, ақпарат беріп отыруды тапсырды.

«Ерлан Кенжеғалиұлы, бiз қыркүйек айының басында мектептер бойынша бағдарламаның жүзеге асуы жайлы егжей-тегжейлi баяндама күтемiз. 1 қыркүйекке дейiн қосымша 48 мектептi пайдалануға беру жоспарланып отыр», — дедi Сағынтаев.

Елбасы көрсеткен тағы бір кемшілік, «Нұрлы жер» бағдарламасына банктер мен құрылыс компанияларының аз қатысуы болатын.

«Көптеген өңiр құрылыс компаниясының несиесiн субсидиялауға және ипотеканы қолдауға әлi кiрiспеген. Жекеменшiк құрылыс компанияларымен тиiмдi жұмыс жасалмаған. Екiншi деңгейлi банктермен дұрыс жұмыс iстемей жатырмыз» дедi Сағынтаев.

Ол Инвестициялар және даму министрлiгiне, «Бәйтерек» холдингiне және әкiмдерге 1 қазанға дейiн бағдарлама механизмiн өзгертудi қарастыратын жоба енгiзудi тапсырды.

Тоқтап қалған 15 кәсіпорын

Бақытжан Сағынтаев Индустрияландыру картасы аясында іске қосылып, кейіннен тоқтап қалған кәсіпорындарға жан бітіруді тапсырды. Бүгінде ондай 15 жоба бар.

«Жергілікті жерлерде барлық қолдау құралы бар, сондықтан, құрметті әкімдер, 1 желтоқсанға дейін тұралап қалған кәсіпорындардың барлығын іске қосу қажет. Желтоқсанның басында, Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін дәстүрлі Индустрияландыру күнінде бұл мәселе тағы да көтеріледі», — деп ескертті Сағынтаев.

Көмекке зәру агрохолдингтер

Бүгін үкімет басшысы назар аударған мәселелердің бірі – еліміздегі iрi агрохолдингтерiн қаржылай сауықтыру.

«Мемлекет басшысы агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту бойынша iрi агрохолдингтердi қаржылай сауықтыру мен өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыруға тағы бiр мәрте назар аударды. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасы мен облыс әкiмдерiне бiр ай мерзiмде iрi агрохолдингтердi қаржылай сауықтыруға егжей-тегжейлi талдау жасауды және ұсыныс әзiрлеудi тапсырамын», — дедi Сағынтаев.

Дереккөз: Baq.kz

Previous Post

Атом өнеркәсібіне арналған титан құймаларын өндіретін зауыт ашылмақ

Next Post

Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жарты жылда қандай жетістікке жеттік?

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.