• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Күнгейлік өнертапқыш «Qazaq Arbasy»-сын ойлап тапты

17.08.2017
0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық кодты сақтай білу арқылы ұлттық сананы жаңғырту жайын айтқан еді.

«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген-ді Мемлекет басшысы.

Осыған орай, оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев дәстүрді сақтап қалудың тың үлгісі  ретінде қазақтың ескі пішіндегі арбасының үстіне киіз үйді қондырған жылжымалы дүңгіршек — «Qazaq Arbasy»-сын ойлап тапты. Мұны қарабайыр дүние деп ойламаңыз. Оны жасау үшін соңғы үлгідегі заманауи материалдар жұмсалды және олардың көпшілігі шетелден арнайы тапсырыспен сатып алынды. Бұл арба қазақтың қымыз-қымыран секілді ұлттық сусындарын сатуға арналған.

Өнертапқыш осындай дүниені 2011 жылы жасауға кірісіпті. Бірінші нұсқасы жеміс-жидек сататын арба болды. Кәдімгі дөңгелекпен жүретін, үстінде сонау Санкт-Петербургте тоқылған кәрзеңкесі бар, бірақ заманауи арба. Оны 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сарыағаш ауданына іссапармен келген кезде таныстырған. Сонда өнертапқыштың туындысын жоғары бағалаған Президентіміз оған «Qazaq Arbasy» деген атау беріпті. Содан кейін мұндай арбаның тағы бір нұсқасы жасалды. Біз әңгімелеп отырған киіз үй пішіндес түрі «Qazaq Arbasy»-ның соңғы нұсқасы.

Оны құрастыруды Еркінбек Тәженұлы биыл бастаған. Сөйтіп 8 айда ойлап тапқан 5-6 түрінің ішінен осы нұсқасын таңдаған. Бұл арбаны жасап шығару үшін өнертапқыш 5 млн. теңге қаражат жұмсаған. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, арбаның жабдықтары заманауи материалдардан жасалған. Сондықтан оның бағасы да қымбат. Оның үстіне көпшілігі мұхит асып, шетелден әкелінген. Мәселен, 100 ватт электр энергиясын беретін күн батареясы—АҚШ-тың өнімі. Оның ерекшелігі — салмағының жеңілдігінде. Бар-жоғы 2,5 келі тартады. Дәл осындай батареяның қытайлық нұсқасы бұған қарағанда он есе ауыр. Сондай-ақ, киіз үйдің сырты шыны мақтадан жасалған арнайы торлы матамен көлегейленген. Ол арбаның өзін және клиенттерді күн көзінен қорғау үшін қажет. Мұны да өнертапқыш АҚШ-тан әкеліпті. Бұл матаның артықшылығы, күннен келетін ыстықтың 95 пайызын кері қайтарады. Бұдан бөлек, 350 литр ұлттық сусындарды сақтауға шақталған тоңазытқыш орнатылған. Оны да өнертапқыш өзінің сызбасы бойынша Алматыдан арнайы жасатып әкелген. Себебі, зауыттарда шығарылған дайын тоңазытқыштар 20-30 сантиметрге биік, ал ол клиенттерге, әсіресе балаларға қызмет көрсетуде ыңғайсыздық тудыратын көрінеді. Қысқасы, сусындар тоңазытқышта сақталады, босаған ыдыстарды шаятын кәдімгі қолжуғыш бар. Одан күніне 30 литр таза су ағады. Мұның санитарлық-гигиеналық тазалықты қамтамасыз етуге септігі зор. Клиент тазалықты сүйеді. Сондықтан сауданың да көрігі қызатынына еш шүбә жоқ. Сонымен қатар, арба үстіндегі дүңгіршек қазақтың дәстүріне сай ерекше дизайнмен жасалғандықтан көзге өте әдемі көрінеді. Бұл шетелдік туристерді қызықтырмай қоймайтыны анық. Сонда табыс та табамыз, әрі ұлттық сусындарымызды өзгелерге насихаттаймыз.

Еркінбек Тәженұлы «Qazaq Arbasy»-ын киіз үй пішінінде жасауға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түрткі болғанын айтады.  Президентіміз бұл бағдарламалық мақаласында ұлттық кодымызды сақтау үшін әлемдік өркениет көшінен қалып қоймауға, сонымен бірге, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жалғасып келе жатқан салт-санамыз бен дәстүрлерімізді ұмытпауға, керісінше, заман ағымына бейімдеп отыруға шақырады. Міне, сондықтан да өнертапқыштың бар арманы ұлттық сусындарымыз бен киіз үйіміздің бүгінгі әлемнің ажырамас бір бөлшегіне айналып, заман ағымы қалай өзгерсе де қоғамда өз қажеттілігін жоғалтпай, халықпен бірге мәңгі жасай беруі.

«Біздің дүниемізді еліміздің дизайнерлер одағы, қазақ тағамтану академиясы толығымен қолдап отыр. Тіпті, академик Төрегелді Шармановтың өзі киіз үйдің шаңырағына қарап ішкен сусынның адам бойына тез сіңетіні жөнінде ғылыми дәйектер келтіруде. Жалпы, жылжымалы механизм алғаш рет қазақ даласында ойлап табылған. Қазақ халқы бағзы замандардан бері сайын сахарада көшіп-қонарда арба, күймені пайдаланған. Бұл туралы ортағасырлық әйгілі жиһанкездердің еңбектерінен кездестіруге болады. Мәселен, қазақтарда киіз үйлі арба болғандығы туралы құжаттар, соның ішінде мұндай арбаның көне сызбалары Париждегі ескі архивтердің бірінен табылды. Сондықтан заманауи арбаны салт-дәстүрімізді бүгінгі заманға лайықтап, екінші өмір сыйлайтын нағыз рухани жаңғыруға жатқызуымызға болады. Соның үлгісі бойынша келешекте тағы да 20 арба жасауға мүмкіншілігіміз бар. Егер мемлекеттен тиісті қолдаулар болып жатса, оны өндірістік жолға қоюға толық мүмкіндік жетеді. Оның үстіне, көптеген маңызды бөлшектерін өзімізде шығару арқылы да өзіндік құнын төмендетуге әбден болады. Алдағы уақытта туындыны Оңтүстік Қазақстан облысының атынан Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне апаруды жоспарлап отырмыз», —дейді өнертапқыш Е.Бөкебаев.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

1 ТАМЫЗДАН БАСТАП АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ

1 ТАМЫЗДАН БАСТАП АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САНАҒЫ ӨТЕДІ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. 1 тамыздан бастап өтетін маңызды науқанға 3,5 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ, шаһарда онлайн режимдегі...

ҚАРТТАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ

ҚАРТТАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ОРТАЛЫҚ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Шымкент қаласында «AMANAT» партиясының бағдарламасы аясында 2023 жылдан бері  «Ізетті зейнеткер» орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіп,...

ҚАПТАҒАН КЕНЕДЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

ҚАПТАҒАН КЕНЕДЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Шаһарда кене шаққан адамдар саны көбейген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30%-ға артқан. Сондай-ақ, екі азаматтан Конго-Қырым қызбасы анықталып...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.