• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Ж.Түймебаев: «Өрлеу» жобасын халыққа кеңінен түсіндіру қажет

08.08.2017
0

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 7,3 млрд. тенге бөлініп отыр.  Бұл қаражатқа 126 мың адамға шартты ақшалай көмек көрсетіліп, 27,3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.  Әзірдің өзінде облыстың барлық аудан, қалаларында 1630 отбасыға 445,0 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек беріліп, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің 95,2 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыс әкімі Ж: Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлім етті.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі үш түрлі әлеуметтік төлемдер орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілетін болады. Қиын жағдайға тап болған және объективті себептерге (жасы, денсаулық жағдайы, мүгедектік және өзге әлеуметтік осалдық) байланысты азаматтарға шартсыз көмек ұсынылмақ. Бір сөзбен айтқанда, күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен тұратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда шартты ақшалай көмек көрсетілетін болады.

«2015 жылы «Өрлеу» жобасы біздің облыста пилоттық жоба ретінде 4 аймақта яғни Арыс, Түлкібас, Сарыағаш, Төлеби аудандарында ендіріліп, 139 отбасыға 23,0 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек көрсетілді. Отбасы мүшелерінің еңбекке жарамды 167 адамы жұмыспен қамтылды.  2016 жылы «Өрлеу» жобасы облыстың барлық аудан, қалаларында ендіріліп, 1630 отбасыға 445,0 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалды», — дейді Мұхит Баймұханбетұлы.

Облыста шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемдеріне басымдық берілуде. Шартты ақшалай көмектің біржолғы сомасы жеке қосалқы шаруашылықты дамыту мен жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға жұмсалатын болады. «Өрлеу» жобасына қатысушылардың қатарында 454 адам жеке кәсіпкер ретінде салық органдарына тіркеліп, өз ісін ашқан. Атқарылған жұмыстарға қаныққан өңір басшысы «Өрлеу» жобасының халық арасында насихатталуына күш салып, шартты ақшалай көмекті еңбек пен кәсіпке бейімі бар азаматтарға беруді тапсырды.

«Таяуда ғана өңірімізге еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келіп, «Өрлеу» жобасының іске асу барысын бағамдап кетті.  Аталған пилоттық жобаның іске асуына аудан, қала әкімдері мен тиісті бөлім басшылары жұмыла кірісуі тиіс. Ең бастысы, шарты ақшалай көмектер шынайы нағыз көмекке зәру азаматтарға беріліп, жобаны халыққа кеңінен түсіндіру қажет», — деді Ж. Түймебаев.

Айта кетейік, «Өрлеу» жобасын іске асыру нәтижесінде жыл сайын өсіп тұратын 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алушылардың саны 7,8 пайызға төмендеп, 59 мың отбасыны құраған.  Шартты ақшалай көмек алушылардың табыстары 3,3 есеге артып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Жыл басынан бері ОҚО-ға келген туристер саны екі есеге жуық артқан

Next Post

Мүгедектердің күтушілеріне зейнетақы қалай төленеді?

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.