• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкент қаласының әкімдігі мұғалімдерге тиесілі жер телімдерін бөтен адамға заңсыз беріп жіберген

07.08.2017
0

60 ұстаздан тұратын «Мұғалімдер»  ЖШС-нің  (ЖШС 2008 құрылған) 4 га суармалы жеріне  2011 жылы № 541 қаулы шығып, Шымкент қаласы әкімдігімен серіктестік арасында жалға алу құқығын сатып алу жөнінде арнайы келісім түзілген. Алайда, қала билігі заңды белшесінен басып, 2012- ші жылы наурыз айындағы №285 қаулымен  «Мұғалімдер» ЖШС-нің мүшесі болып табылмайтын М.Т.Қамбарова деген өзге азаматқа жерді бөліп берген. Қала билігі бөтен азаматқа жерді рәсімдеп берсе, мұғалімдердің заңды жерлерін 5 жыл өтсе де не себептен заңдастырып бермей отыр?  Ұстаздар жерлерін рәсімдеу үшін 2011 жылдан бері қала әкімдігінің есігін тоздырған.

121321

Алайда, шенеуніктер ЖШС жерлерін «ауыл шаруашылығы мақсатында берілген» деп рәсімдемей отырған көрінеді. Журналистік зерттеу барысында ұстаздарға тиесілі жер телімдеріне бюджеттен қаржы бөліп,  инфрақұрылым толықтай жеткізілген. Осыған қарамастан ұстаздардың жерлері рәсімделмей отыр. Дегенмен сол суармалы жерді әкімдік қаулысымен өзге азаматқа тұрғын үй салу үшін рәсімдеп берген. Осы мәселе ұстаздардың ашуын келтіріп отыр. Айта кетейік, қаншама уақыттардан кейін 2016 жылы 3-ші мамыр айында Шымкент қаласы жер комиссиясының қорытындысы түзілген. Оған комиссия мүшелері мен төраға қол қойып, ұстаздардың уәжіне келісім берген.  Алайда, жер қорытындысы бір жыл екі ай өтседе орындалмаған. Қолданыстағы заңға сәйкес, 2016-шы жылы қала әкімдігінің ұстаздарға жер беру туралы әкімдіктің қаулысы қабылдануы керек еді.  Бүгінде жиған- тергеніне баспана салып, ұл қызының несібесі үшін еңбек етіп келе жатқан ұстаздар барынан айырылып қаламыз ба деп қауіптеніп жүр.

«Мұғалімдер» ЖШС-нің мүшелері

Хуриниса Салмахадова:3333

Мұғалімдер жерінің ортасынан Маблюда Қамбароваға  жекеменшік деп жазып берген. 40 жыл жұмыс істеген мұғалім осы ауылдың, әкімнің баласын, немересін оқытып жер ала алмайды. Ал, көршісі қаладан келіп, қалтасына ақша салып, осы жерден жер сатып алған. 40 жыл істеген біздің жеріміз ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер болады да бөтен адамдардың жері тұрғын үй салу үшін деп беріледі.

Файзахмет Асилов:

44444

 

Әкімдерді оқытқан мұғалімдер еді. Өзінен-өзі әкім болған жоқ. Көшені сыпыратын, сайлауда жүгіретін, колхоздың жемісін жинайтын мұғалімдер. Ал, енді мұғалімдер ешкім емес. Ол істей береді тегінге. Мына жерді беріп еді. Оны да құжаттарын түгендей алмай отырмыз. Үш рет әкімдікке бардық. Ондағылар істеп береміз деп шығарып салды. Содан бері жоқ.

 

Құжатын жасай алмай қаншама зейнеткер кісілер қайтыс болып кетті. Оны кім біліп отыр? Бүгінде сол кісілердің балалары келіп тұр. Кім жауап береді оған? Осы жерде  сырттан келгендер қалталарына ақша салып, жерді заңдастырып алады.  Ал, мұғалім қайдан табады ондай ақшаны? Ақшасы жоқ мұғалімдердің.

4567

Сұмдық қой мынау! Әділетсіздіктің сорақысы! Жеті соттық жер үшін 10 жылдан бері 10 әкімнің алдына кірдік. «Ит итті, ит құйрығын жұмсайды» деп олар бір-біріне сілтейді. Ақыр соңы міне, осындай болды. Сонда 40-50 жыл жұмыс жасаған мұғалімдер жеті соттық жерге ие бола алмайды. Мұғалімдер сорлы, мүсәпір халге жеттік.546

 

Бөлісу25TweetPin

Ұқсас жазбалар

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

МЕГАПОЛИСТЕ КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ ЕСІГІН АШТЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Үшінші мегаполисте 12-шы жайлы мектеп пайдалануға берілді. Жыл сайын тұрғындар саны артып келе жатқан қалада 400 мың бала мектеп жасындағылар....

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Биыл үшінші мегаполисте 27 мыңнан астам бала алғаш рет білім ошағының табалдырығын аттады. Солардың қатарында №145 жаңа мектепке қабылданған оқушылар...

АРДАГЕРЛЕР ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ

АРДАГЕРЛЕР ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ САРАЛАДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Ертеде патриотизм – Отан қорғап, ерлік жасау еді. Ал жаһанданған бүгінгі қоғамда елді цифрландыру жұмысына атсалысқан әр азамат – Отанының...

ЖАҺАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛАР МЕН ИНВЕСТОРЛАР БАС ҚОСТЫ

ЖАҺАНДЫҚ КӨШБАСШЫЛАР МЕН ИНВЕСТОРЛАР БАС ҚОСТЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

     Шымкентте алғаш рет Орталық Азиядағы жаһандық технологиялық толқын халықаралық цифрлық конференциясы өтті. Бұл – технология саласындағы жаһандық көшбасшыларды,...

22 ЖАС ӘСКЕР ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

22 ЖАС ӘСКЕР ҚАТАРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

      Шымкенттен 22 жас сарбаз әскерге аттанды. Олар Отан алдындағы борышын Алматы облысындағы шекара шебінде өтейтін болады. Ертеңгі...

454 МЕТР ЖЫЛУ ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

454 МЕТР ЖЫЛУ ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

      Шымкентте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті «Қуатжылуорталық-3» кәсіпорнымен бірлесіп баспасөз турын өткізді. Мақсат – инвестициялық бағдарламаның орындалу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.