Сауд Арабиясы биыл қажылыққа бару үшін Қазақстанға 2,5 мың квота бөлді, деп хабарлады ҚР азаматтық қоғам және дін істері министрі Нурлан Ермекбаев.
«Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жыл сайын Сауд Арабиясы Корольдігінің қажылық істері министрлігімен келісім жасайды, соның негізінде квота бөлінеді. Биыл квота 2,5 мың адамға бөлінген», — деп хабарлады бейсенбіде Н.Ермекбаевқа сілтеме жасаған ҚР Орталық коммуникациялар қызметінен.
Министр еске салғандай, дін істері министрілігі қажылыққа барушылардың қажылығын ұйымдастыруға жауапты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді. Қажылық кезінде күтпеген жағдайлардың алдын алу үшін министрлік қажылық-миссиясын ұйымдастырады, оған қажылыққа барушылармен бірге еріп жүруде тәжірибесі бар және тиісті біліктіліктері бар ҚМДБ өкілдері, дәрігерлер, теологтар, имамдар кіреді.
Сондай-ақ, министрлік діни туризм жасау ережесін де әзірлейді, ережеде қажылықты ұйымдастыратын, қазақстандық қажылыққа барушылардың физикалық және рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ететін компанияларға қойылатын талаптар көрсетіледі.
Н.Ермекбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда ҚР денсаулық сақтау министрлігімен бірге келісім жасалған, соған сәйкес елдің сегіз өңірінде қажылыққа барушыларға менингокок инфекциясына қарсы екпе алу ұйымдастырылған.
Бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті мониторингі мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы биыл Меккеге қажылық сапарға Қазақстаннан шамамен 5 мың адам баратынын айтқан болатын.
Сауд Арабиясы Корольдігіне қажылық сапарға қазақстандықтар тамыз айының аяғында барады. Бұл ретте қажылыққа бару үшін виза алудың басты талаптарының бірі — менингокок инфнекциясына қарсы екпе алғандығы туралы халықаралық сертификатының болуы.
Бұған дейін хабарлағандай, биыл менингокок инфекциясына қарсы екпе қажылыққа барушылар көптеп тіркелген Қазақстанның 8 өңірінде өткізіледі: Жамбыл , Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалалары.
Дереккөз: kaztag.kz