• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Ауыл шаруашылығы экспортқа ден қойды

31.07.2017
0

Елімізде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Ет экспортының ілгерілеуі, міне, осы ретте қолға алынған тиімді шаралардың нәтижесі. Бұл жөнінде кеше Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында баяндады.

Аталған баспасөз мәслихатына Ауыл шаруашылығы министр­лігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төраға­сы­ның орынбасары Олжас Ауса­баев, Агроөнеркәсіптік ке­шен­дегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айна­беков және ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің жол қозға­лы­сын қамтамасыз ету саласын үйлестіру бөлімінің басшысы Ғани Исабаев қатысты. Жиында вице-министр Г.Исае­ва биылдан бастап экс­порт­тық сая­сат әлеуеті нарық­тар­ға АӨК өнім­дерін мақсатты іл­ге­рілету негізінде құрылатынын атап өтті. Соны­мен қатар, «Азық-түлік келісім­шарт» АҚ-тың мен­шікті қара­жаты негізінде АӨК-тің экспорт­тық орталығы құры­латынын жет­кізді. Бұл ретте, қазақ­стан­дық өнімдердің экс­порт­тық әлеуетін ілгерілету үшін басқа елдер­мен келіссөздер жүр­гізуге халық­аралық ұйым мәр­тебесін иелену маңызды болып отыр.

Аталған экспорттық орта­лық «KazakhExport» және «KazakhInvest» акционерлік қоғам­дарымен, сондай-ақ, Қазақстандағы шетел дипло­ма­тия­лық өкілдері арқылы ты­ғыз ынтымақтастықта әрекет ете­тін болады. Орталық сыртқы на­рық­тарға талдау жүргізіп, да­мыған елдер үшін өнімдерді жыл­жытудың жол картасын құру, өнімд­ерді экспорттау саласында кеңестер беріп, келісімшарттар жасасу және ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен өнімді «форвардтық» тәсілмен сатып алу жұмыстарымен айналыспақ. Сонымен қатар, орталық ауыл­­шаруашылық өнімдерін сақ­тан­дыруды қамтамасыз ете отырып, негізгі брендтерді, соның ішінде «KZ Organic Food» брендін алға жылжытпақ.

Қазіргі уақытта Қытай, Иран, БАӘ, Израиль, Сауд Арабиясы және т.б. елдерге экспорттала­тын тауарлардың көлемін арт­тыру бойынша жұмыстар жүр­гізіліп жатыр. Бұл елдермен ауылшаруашылық өнімдеріне қой­ылатын фитосанитарлық жә­не ветеринарлық талаптар келі­сілуде, тасымалдану бажын төмендету жөнінде келіссөздер жүр­гізілуде. Мысалы, ҚХР төр­- а­ғасы Си Цзиньпиннің Қазақстан­ға ресми сапары кезінде Қазақстан­нан Қытайға тасымалданатын мұз­датылған қой етіне қойылатын талап­тардың хаттамасына қол қойылды.

Сондай-ақ, Қазақстаннан Қытайға және БАӘ-ге тасымал­данатын мұздатылған қой етінің ветеринарлық сертификатына қол қою жұмыстары жүргізілуде екен. Ал Иранға экспортталатын қой, мұздатылған және салқындатылған қой етін тасымалдау бойынша ветеринарлық талаптар келісілген. Ал Израильге қой тасымалдау бойынша осы елдің құзыретті мекемесіне хат жолданыпты. Сонымен қатар, 2017 жылғы 25 мамырда Халықаралық эпизоотикалық бюроға мүше елдердің Бас ассамблеясының 85-сессиясында еліміздің 5 аймағы – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аусылдан ва­к- цинацияланған таза аймақ мәр­тебесін алды. Бұдан бөлек, Қазақстанның 9 аймағы 2015 жы­лы аусылдан таза аймақ және ау­сылды бақылау жөніндегі ұлт­тық бағдарлама негізінде жыл­қылардың африкалық оба ауруынан босатылу жөніндегі мәр­тебесін алған болатын. Осы­лайша, Қазақстанның барлық аумағы аусылдан босатылған ай­мақ мәртебесіне ие. Бұл елі­мізге Дүниежүзілік сауда ұйы­мы­на мүше елдерге мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспорттауға, агроөнеркәсіптік кеше­ннің экспорттық әлеуетін жо­ғарылатуға және Қазақстанның экономикалық тұрғыдан дамуына оң әсерін тигізеді.

Ал Қытай Халық Республика­сы­на тасымалданатын өсімдік ша­руа­шылығы өнімдеріне ешқан­дай шектеу жоқ. Нақты бір тасы­малданатын өнім түрлеріне фи­то­санитарлық талаптарды анық­тау үшін министрлік арнайы жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, бидайдың, соя бұршағы мен бидай кебегі партияларын экспорттау жөнінде хаттамаға қол қойылған. Жуырда жоңышқа мен өсімдік шаруашылығы өнім­де­рі­нің 31 түрін тасымалдау бойынша хаттамаға қол қойылады деп күтілуде. Қолға алынған шаралардың бәрі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламасының негізінде іске асы­рылып жатыр. Бұл отан­дық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жаңа мүм­кін­діктер ашпақ.

Дереккөз: Egemen.kz

Previous Post

Еліміздегі ЖОО-дары түлектерге дипломды дербес университет үлгісімен беретін болады

Next Post

Шағын несие: 2016 жыл қорытындысы мен 2017 жылдың жоспары

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.