• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған түлектерге тегін кәсіптік білім алу мүмкіндігі берілмек

26.07.2017
0

ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған мектеп түлектері мен жұмыссыз азаматтар колледждерде оқып, мамандық алуына болады.

Мұндай мүмкіндік «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында жасалады. Қазір еліміз бойынша орта арнаулы оқу мекемелерінде қабылдау жүріп жатыр. Білікті кадрлар дайындау мәселесі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 77 қадамында айтылған. Жүктелген міндет бүгінде кезеңімен жүзеге асып келеді. Әйгерім Асқар Астанаға оқу іздеп, сонау Жаркенттен келді. Биыл 9 сыныпты аяқтаған ол білімін колледжде жалғастырғысы келеді. Қызының қолөнер мен тігіншілікке бейімін байқаған анасы да қолдау білдірген. Әйгерімнің қалауы – киім үлгісінің дизайнері болу.

Әйгерім Асқар:

— Интернеттен оқып, білдім. Дизайнер болғым келеді. Өзім ғаламтордан көріп, түрлі бұйымдарды көзмоншақпен жасаймын. Киім де пішіп үйреніп жүрмін. Оқып алсам пайдасын көретін боламын.

Жоғарғы оқу орнына түсе алмаған түлектерге де қамығудың реті жоқ. Олар қазіргі еңбек нарығында сұранысқа қарай дәл осындай жұмысшы мамандығын таңдай алады. Биыл 20 мыңнан астам мектеп түлегі кәсіптік-техникалық колледждерге барады деген болжам бар.

Жұмысшы мамандықтары тегін оқытылады. Әрине басымдық кәсіптік-техникалық салаға берілген. Барлығы 9 мамандық. Олардың қатарында дәнекерлеуші, маркетолог, аспазшы, дизайнер, тігінші, құрылысшы сияқты кәсіп түрлері бар.

  1. Тамақтандыруды ұйымдастыру;
  2. Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндіріс;
  3. Киім өндірісі және киім үлгісін жасау;
  4. Ішік санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау;
  5. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету;
  6. Ғимараттар салу;
  7. Электрмен қамтамасыз ету;
  8. Маркетинг;
  9. Дәнекерлеу ісі.

Осы кәсіп түрлері бойынша тек Астананың өзінде мыңнан аса адам кәсіптік-техникалық колледждерге қабылданбақ. Бүгінгі күнге дейін оның тең жартысы құжатын тапсырды. Елордадағы 34 кәсіптік-техникалық білім мекемесінің 11-і осы бағдарламаға қатысады.

Салтанат Басығараева, Астана қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

— Жатақхана беріледі. Жолақысы төленеді. Шәкіртақысы да бар. Бұл өте жақсы мүмкіндік.

Айта кетейік, тегін кәсіптік білім алу мүмкіндігі барлық жұмыссыз жүрген қазақстандық азаматтарға арналған. Құжат қабылдау тамыздың 25-іне дейін жалғасады.

Дереккөз: 24.kz

Previous Post

Оңтүстіктегі шағын несие ұйымы 16 мыңға жуық жобаны қаржыландырды

Next Post

Оңтүстіктің сыртқы тауар айналымы 928 млн. АҚШ долларын құрады

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.