• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер сақтандыру жарнасын қалай төлейді?

13.07.2017
0

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына екі аптаға жуық уақыт өтті. Жарна төлейтін санаттағылардың біраз бөлігі жарна төлеуге кірісіп те кетті. Соған қарамастан, халық арасында жүйеге қатысты сан сауал бары рас. Биыл жарнаны кімдер төлейді? Оның мөлшері қандай? Қай жерден төленеді? Төлемесе не болады? Baq.kz тілшісі көпті мазалаған осындай сұрақтардың біразына жауап іздеп көрді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру іске қосылды. Биыл 1 шілдеден бастап сақтандыру жарнасын жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейді.

Жұмыс берушілер қарамағындағы әр жұмыскер үшін жарна аударады. Жарна мөлшері:

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап – жұмыскер жалақысының 1%;

2018 жылдан бастап – 1,5%;

2020 жылдан бастап – 2%;

2022 жылдан бастап – 3%.

Шілденің бірінен бастап жарна төлейтін қос санаттың бірі – жеке кәсіпкерлер (жеке меншік нотариустар мен сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар). Олар жарнаны жеке кәсіпкер ретінде өзі үшін төлейді. Жеке кәсіпкердің жарнасы 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызын құрайды. Нақтырақ айтқанда, жарна мөлшері 2017 жылы айына 2445 теңге 90 тиынға, 2018 жылы – 2828 теңгеге тең. Жарна есептелетін жалақының ең жоғарғы мөлшері 15 төменгі айлық жалақыдан немесе 366 мың 885 теңгеден аспауы тиіс. Яғни, ай сайын төленетін міндетті жарнаның ең жоғарғы мөлшері 3668 теңге 85 тиыннан аспауы керек. Ал, егер жеке кәсіпкердің қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлері болса олар үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударып отыруы тиіс.

Шілде айының жарнасын тамыздың 25-іне дейін төлеу керек. Жарнаны екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» АҚ кез-келген бөлімшесі арқылы төлеуге болады. Төлем кодтары көрсетілген арнайы бланктерді аталған қаржы ұйымдарынан алуға болады.
Дереккөз: Baq.kz

Previous Post

Қырғызстанда президенттікке үміткерлер саны 20-дан асты

Next Post

Үкімет қазақстандық банктерге 500 млрд теңгеден үлестіреді

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.