• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Түркиялық туроператор қазақстандық 24 азаматты тақырға отырғызып кетті

13.07.2017
0

Анталияға демалуға барған отандастарымыз қонақ үйге орналаса алмай, тентіреп қалды.

«ELITE CLASS» деп аталатын компания кеше өзін банкрот деп жариялады. Ал онымен Қазақстанда жұмыс істеген турагенттердің қызметі заңсыз болып шықты. Өзін банкрот жариялаған түркиялық туроператор Өзбекстан, Әзербайжан және Ресейден келген тағы жүздеген адамды тақырға отырғызды.

Инна Рей, «Туристiк қамқор» қорының төрайымы:

— Бұл компания ұсынған турпакеттердің бағасы неліктен бірден күмән келтірмегені түсініксіз. Өйткені олар өз қызметін өте арзан бағалаған. Нарықтағы бағадан 20-30% төмен. Сондай-ақ «ELITE CLASS» фирмасы жеңілдіктер акциясын да жаз ортасына дейін созып жіберді. Мұның бәрі күмәнді.

Бұл хабар Жерорта теңізіне демалуға барған жұрттың маңдайына тоқпақпен ұрғандай жайсыз тигені рас. Бірі «далада қаламыз» деп уайымдаса, енді бірі дипломаттарға хабарласуға асықты. Оқиға орнына жеткен Қазақстан консулы бұл істің кілтін бірден тапты. Сөйтіп Түркияның басқа туркомпаниясымен өз қаржы есебінен отандастарымызды қонақүйге орналастыратын болып келісті.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

— Осы «ELITE CLASS» компаниясы Қазақстандағы бірнеше туристік компаниялармен байланыста болған. Сондықтан біздің туристерімізге бір өтінішіміз бар. Шетелге шығар алдында қонақ үйдегі броньның барын қайта тексеруін сұраймыз.

Осыдан жарты жыл бұрын шетелге демалуға шыққан қазақстандықтардың құқықтарына кепілдеме беретін «Туристiк қамқор» жүйесі іске қосылды. Қор төтенше жағдай туғанда сыртта жүрген туристерді Қазақстанға қайтарумен айналысады. Оған отандық туроператорлар мүше болып, әр демалушы үшін 0,5 АЕК көлемінде жарна салуға міндетті. Әйтпесе, оның қызметі – заңсыз.

Инна Рей, «Туристiк қамқор» қорының төрайымы:

— «ELITE CLASS» – түркиялық компания. Демек біздің қорға мүше емес. Олар жұмыс істеген қазақстандық турагенттіктер де «Туристік Қамқор» жүйесіне қатыспайды.

«ELITE CLASS» басшылығы бұған бас ауыртқан емес. Қазір олар хабар-ошарсыз жасырынып жатыр. Сол себепті Түркия билігі оларға халықаралық іздеу салды.

Дереккөз: 24.kz

Previous Post

Астана қаласы Азиядағы ең үздік бес мекеннің ішіне енді

Next Post

Түркиядағы қазақстандықтардың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.