ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары болып Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды», — делінген сәрсенбіде Ақорда сайтында жарияланған хабарда.
Ғ.Нұрдәулетов бұған дейін Алматы облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бастығы қызметін атқарған.
ҚазТАГ