Ильяс Құрамысов — Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына келді. Ильяс Шойбекұлы 1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер, есеп және аудит.
Еңбек жолын 2004 жылы ОҚО прокуратурасында бөлім маманы қызметінен бастаған. 2005-2016 жылдары ОҚО Сарыағаш ауданы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы, Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі, ҚР Бас Прокурордың Аппараты, Бас Прокурордың көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасы аппаратының басшысы, АО «Самұрық Энерго» «Бірінші жер электро станциясы» ЖШС бас директоры, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.
2016 жылы желтоқсанда – облыс әкімі аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі және төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру бөлімі басшысы лауазымына тағайындалған.
«Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын, орман, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және теңгерімді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
«Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) қоршаған ортаны қорғау, орман және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақтар желілерін дамыту жөніндегі облыстық бағдарламаларды әзірлеу және оларға әкімшілік ету;
2) облыстық бюджеттік бағдарламалар аясында қалдықтарды жою және орналастыру жөніндегі объектілерді салуды қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;
3) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысу;
4) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауындағы мемлекеттiк орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында орман пайдалануды реттеу;
5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк іс-шараларды әзiрлеу және олардың iске асырылуын қамтамасыз ету.