• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев: 2025 жылға таяу литий металы мұнайдан қымбат шикізатқа айналады

23.06.2017
0

Қазақстанның табиғи байлық қоры 32 млрд тоннаны құрайды. Ол дегеніміз бүкіл әлемдік ресурстың 4 пайызына тең. Ал 2025 жылы жылы литий атты сирек кездесетін металға деген сұраныс үш есеге артады. Сол себепті шетелдік инвесторлардың ең әуелі осы салаларға қаржы құйғаны дұрыс. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 30-жалпы отырысында осылай деп айтты.

Еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартып, қаржы тарту жүйесіндегі түйткілдердің түйінін тарқату аясында 1998 жылы құрылған кеңестің жыл санап керегесі кеңейіп келеді.

Елбасы билік пен бизнес өкілдері арасындағы ашық диалог — ауқымды жобаларды жүзеге асыруда айрықша мәнге ие екендігін тоқсаныншы жылдары айтқан еді.

Нәтижесінде Қазақстан күллі әлемге қарыштап дамудың өзіндік үлгісін көрсете білді. Тіпті дүйім дүние таңдай қаққан Экспо көрмесінің өзі де сол бастамалардың жалғасы десек артық емес. Нұрсұлтан Назарбаев атынан ат үркетін шетелдік алып компания басшыларымен кезекті кездесуі барысында алдағы атқарылар істерді пысықтады. Бір үстел басында жиналған 300-г­е жуық іскер азамат табысты еселеудің жолдарын бірге сараптады. Президент қонышы кенге кептеліп жатқан Қазақстанның байлығын тың технологияларды игере отыра пайдалану керектігін де жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Тема сегодняшнего заседания — «Новая энергетика». Энергетический сектор для нашей страны имеет большое значение. При этом, не смотря на наличие огромных природных ресурсов, Казахстан намерен активно развивать возобновляемые альтернативные источники энергии. В этой связи реализуется концепция по переходу к зеленой экономике. Нами инициировано создание международного центра зеленых технологий и инвестиций «Энергия будущего», который будет работать здесь после окончания работы выставки. Мы должны использовать все наши возможности и резервы для развития сектора новой энергетики. Весь мир активно ищет новые источники энергии, находится на породе технологического прорыва. Идеология проведения ЭКСПО состоит как раз в объединении усилий государств, направленных на развитие чистой энергетики. Я рад, что многие иностранные партнеры, особенно члены нашего совета, поддержали нашу инициативу и приняли участие в организации выставки, помогали нам в роли спонсоров и экспонатами.

Елімізде Менделеев кестесінің 98 пайызы шығатынын ескерген жөн. Бұл ретте мұнай, газ, көмір мен уран сынды табиғи байлық қоры қомақты екенін естен шығара алмаймыз. Осы орайда Елбасы Қазақстанның табиғи байлық қоры 32 млрд тоннаны құрайтындығын тілге тиек етті. Ол дегеніміз барлық әлемдік ресурстардың 4 процентіне тең. Президент Қазақстан өз экономикасын барынша әр тараптандыруға бет бұрған ел екенін жеткізді. Мұндағы басты мақсат шикізатқа деген тәуелділіктен арылу. Осы орайда «Жасыл» энергетика тұжырымдамасын жүзеге асырудың жөні бөлек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Проведение ЭКСПО является свидетельством приверженности Казахстана по переходу к экологически чистым технологиям. Мы действительно обладаем значительными нефтяными и угольными, газовыми, урановыми запасами. Их объем оценивается в 32 млрд тонн в нефтяном эквиваленте или почти 4% всех мировых запасов. Поэтому логичным было бы, чтобы первоначальный приток значительных иностранных инвестиций был именно в эти отрасли. Хорошие времена конъюнктуры, мы создавали серьезные запасы, за счет которого ведем широкомасштабную работу индустриализации, инновации в нашей стране и развиваем мощную инфраструктурную программу. Мы всегда стремились диверсифицировать экономику, обеспечивать ее устойчивость, вывести от зависимости сырьевых ресурсов. Одновременно решали вопросы экологической обстановки и развития энергетики. Наша страна первая в СНГ создала институциональные условия для перехода к зеленой экономике. В 2007 году был принят экологический кодекс, в 2009 — закон о поддержке, использовании ВИЭ, в 2013 — концепция перехода к зеленой энергетике.

Келелі кеңесте мінберден сөз алғандардың қатары Қазақстанмен байланысты бекемдеуге ниетті. Солардың біріне тоқталып көрейік. Еуропа қайта құру және даму банкі баламалы энергияны өндіру жолында 37 елге инвестиция құйған. Орталық Азия елдеріне жалпы 2,2 млн доллар қаржы жұмсаса, оның 1,9 млн доллары Қазақстанға тиесілі. Тараптарды жасыл экономикаға тиесілі «Болашақтың энергиясы» да қызықтырып отыр. Сол себепті де олар Экспо көрмесінің алғашқы күнінде-ақ Шығыс Қазақстанда желэлектр станциясының іргетасын қалауға келісті.

Сума Чакрабарти, Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті:

— Біз Қазақстанның жаһандық мәселелерге ерекше үлес қосатындығына шексіз алғысымызды білдіреміз. Солардың бірі Париж келісімін жүзеге асыру. 1990 жылмен салыстырғанда 2030 жылы ауаның ластануы 15 пайызға дейін азаяды. Біздің ойымызша Қазақстан «Жасыл экономика» заңнамасын әзірлеу бойынша аймақта көш бастап тұр. Бұл ретте біз баламалы энергияны өндіруге барынша қолдау білдіретін боламыз.

Бұл ретте Мемлекет басшысы мерейтойлық келелі кеңес тақырыбының да кездей-соқ таңдалмағын айтты. «Жаңа энергетика» деп айдар таққан жиында баламалы энергияға барынша басымдық берілді. Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ қазақ жерінде баламалы қуат көзін дамытуға толық мүмкіндік бар. Мәселен желден жылына 920 млрд Квт/сағ., судан 62 ал күннен 2,5 млрд Квт/сағат энергия өндіруге болады. Демек алға қойған межені мінсіз бағындыруға болады. Және баламалы энергия күн сайын арзандап келетіндігін кезекті рет қаперге салып, бізге аукциондар жүйесіне көшу қажеттігін айтты. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев инвесторларды бизнеске жасалып жатқан қазіргі жеңілдіктерді пайдалана отырып, баламалы энергетикаға ақшаны көптеп салуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Республикасының Президенті:

— До конца 2020 года планируется ввести в эксплуатацию более 50 объектов ВИЭ суммарной мощностью 20 тыс. мегаватт. Доля альтернативной энергии в энергобалансе страны к 2050 году должна увеличиться до 50%. Действовать законодательно в установленных системах, фиксированных и гарантированных тарифов ВИЭ. На начальном этапе становления данного сектора такой механизм общепризнанно считается наиболее эффективным. В то же время технологии развиваются стремительно. Возобновляемая энергия в мире с каждым годом становится все дешевле. Следующий этап у нас должен быть переход к системе аукционов, который успешно используется во многих странах. Нужно обеспечить эффективное внедрение такой системы у нас. Она позволит выбирать и реализовывать наиболее эффективные проекты ВИЭ, с применением лучших технологий.

Ресми статистикаға сүйенсек, инвестициялық климатты жақсарту бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингісінде 35-орында екен. Соңғы 12 жылда елімізге тартылған тікелей шетелдік ивестиция 243 млрд АҚШ долларын құраған. Көрсеткіш көңіл көншітерлік. Дегенмен Елбасы отандық- ғылыми техникалық әлеуетті барынша дамытып, тиісті мамандарды әзірлеуге жіті көңіл бөлуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— В мире активно развиваются технологии с использованием редкоземельных металлов. По оценкам экспертов, спрос на литий к 2025 году может утроиться до 550 тыс. тонн в год, поэтому литий окрестили белой нефтью. Казахстан имеет большие запасы различных редкоземельных металлов, в том числе и литий. Предлагаю инвесторам рассмотреть данный сектор для инвестирования совместно с нашим правительством. Нужно развивать собственный научно-технический потенциал, создавать условия для проведения научных прикладных исследований, обучения, подготовки специалистов в области новой энергетики. Этим активно должны заниматься профильные министерства, университеты, международные центры зеленых технологий, инвестиций. Уверен, что СИИ может внести свою лепту в этом вопросе. В заключение хочу сказать, что все предложения, озвученные будут рассмотрены правительством, учтены в дальнейшей работе. В целом работа совета заслуживает высокой оценки.

Күллі әлемнің кіл мықты инвесторлары бір ауыздан Қазақстанның бастамасын толық құптайтындығын жеткізді. Жаһанды жайлаған дағдарысқа қарамай Қазақстан Ивестиицялық имиджін иігілікке жаратып отырған бірден бір ел дейді инвесторлар.

Клаудио Дескальци, ENI бас атқарушы директоры:

— Қазақстан соңғы 10 жылда көмір қышқыл газын 20 пайызға дейін төмендете білген бірегей ел. Сіздердің елдеріңіз дүйім дүниені алаңдатып отырған мәселеге салғырт қараған емес. Сондай-ақ сіздерде күн мен жел энергиясының әлеуеті жоғары.

Герман Греф, «Сбербанк России» АҚ басқарма төрағасы:

— Қазақстанда жаңа технологияларды дамытып игеруге зор мүмкіндік беретін жоғары оқу орындары жетерлік. Сіздер «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында ғана ілкімді іс атқардыңыздар. Бүгінде әлем елдері Қазақстанмен байланысты бекемдеуге мүдделі.Себебі сіздердің елдеріңізге құйылатын қаржыға алаңдауға еш негіз жоқ. Қазақстан инвесторлардың мүддесін ескеріп бизнеске барынша жағдай жасап отырған санаулы елдердің қатарында. Көптің көңілінен шыққан жиынды түйіндей келе келесі инвесторлар кеңесінің кезекті тақырыбы жеделдетілген жаңғыру деп бекітілді.

Дереккөз: 24.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.