Мегаполистің мегажобасы «Шымкент ситидің» аясында 300-ден астам көпқабатты тұрғын үй бой көтереді. Көлемі 420 гектарды құрайтын жаңа орталықтың бүгінгі күні коммуникация жүйелері жүргізіліп, жолдары төселуде. Жетпіс мыңға жуық тұрғынға шақталып жоспарланған орталықта 57 қабаттан тұратын «Шымкент-Тауэр» және «Шанхай-Тауэр» ғимараттары да бой көтермек.
Ботагөз Мәдібек
Фото: kapital.kz