• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 24, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ж.Түймебаев: ОҚО-да су қоймаларын жеделдетіп салу қажет

13.06.2017
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен кезекті селекторлық режимдегі аппараттық мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде тасқын суларды сақтау, жинақтау және таратудың гидротехникалық құрылыстарындағы мәселелер қаралып, саладағы атқарылып жатқан жұмыстар аясында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов баяндама жасады.

Жетекшілер аймақ басшысының су тасқынының теріс әсеріне жол бермеу, сондай-ақ, жиналған суды кейіннен суғаруға пайдалану бойынша су қойма салуға болатын жерлерді анықтау тапсырмасына орай, Оңтүстікте жаңадан жобалық сыйымдылығы 320,5 млн. шаршы текше метрді құрайтын 16 сақтау орнын салуға болатынын айтты. Аталған нысандар іске қосылғанда облыста 17 мың га суармалы жер жаңадан айналымға қосылады екен.

Келтірілген мәліметтерді мұқият тыңдаған Ж.Түймебаев жаңадан салуға болатын 16 су қоймасының 3 млн. халқы бар өңір үшін тым аз екенін айтып, жалпы жұмысты сынға алды. Бұл ретте, аймақ басшысы көршілес Жамбыл облысында 141 су қоймасының бар екенін алға тартты.

«Көршілес облыспен салыстырғанда біздің өңір халқының саны 3 есе көп, бірақ, су қоймаларының саны жағынан олардан 3 есе азбыз. Ауыл шаруашылығына бейім өңірміз дейміз. Түрлі өнімдерді көп шығарамыз. Неге осыны ойламадыңыздар?! 43 су қоймасына жаңадан салынатын 16 нысанды қоссақ, 59 болады. Сонда да жартысына да жетпейін деп тұрмыз. Қалай сонда? Есеп-қисап қайда? Жоспар қайда? 16 емес, бұл кемінде 56 болу керек. Аудан, қала әкімдерімен жеке сөйлестім. Сіздер бар болғаны 1-2-еу шығады деген аудандар 6-7 су қоймасын салуға ұсыныс беріп отыр. Біздің әкімдікке мұнан бөлек, 40-50 жоба дайындауды тапсырамын», — деді әкім барлық аудан, қала әкімдеріне берген тапсырмасында.

Жиында Ж.Түймебаев орынбасары Ж.Бөкенбаевқа облыстың барлық мүмкіндіктерін зерттеу арқылы қосымша үлкен су қоймаларының құрылысын жүргізу бойынша ұсыныстарды жинақтап, Су ресурстары комитетіне ұсынуды жүктеді. Сондай-ақ, бюджеттен құрылысын жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, жеке меншік әріптестігі аясында іске асыруды қолға алуды тапсырды. Айта кету керек, облыс аумағында 43 су қоймасы орналасқан.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Елімізде 1 қазан – Қарттар күні. Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Белсенді...

«ЗОЛОТОЕ ЯБЛОКО» СҰЛУЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ БРЕНД

«ЗОЛОТОЕ ЯБЛОКО» СҰЛУЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ БРЕНД

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Тарихы мен қалыптасуы «Золотое яблоко» (Gold Apple) – Ресейден шыққан ірі парфюмерия және косметика дүкендер желісі. Компанияның негізін қалаушылар –...

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНДА ӘКІМ ТАЛ ЕКТІ

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Шымкентте өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қала әкімі де атсалысты. Іс-шара барысында мегаполис көшелеріне шынар мен қайың ағаштары отырғызылды. Бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.