• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы жылдары қандай жолдар жөнделеді? (Картада)

08.06.2017
0

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 569 нысан немесе 1452,2 шқ. жолдар мен көшелер, 3 жаяу жүргіншілер өткелдері және 19 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Ол үшін бюджеттен 29 895,4 млн. теңге қаралған. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл нысандардың 92 нысанын, яғни, 863,5 шқ. жолдар мен 3 жаяу жүргіншілер өткелдерін және 18 көпірін мекеме атынан атқарып, қазынадан 20,7 млрд. теңге бөліп отыр. Бұл қаржыға, сонымен бірге, өңірдегі 4330,3 шқ. облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен 483,1 шқ. жолға 59 жобалау-сметалық және сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары да жасалады.

Жалпы саны 92 нысанның 54-і 2017 жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған 38 нысан келесі жылдың еншісіне өтпек. Биыл аяқталатын нысандарды тарқатып айтсақ, осы жылы ұзындығы 201,65 шқ. құрайтын жол (қалған 661,9 шқ. жол 2018 жылға өтпелі) мен 18 көпір және 3 жаяу жүргіншілер өткелі бітуі тиіс.

Атап айтсақ, бюджет қаржысының бір бөлігі Бәйдібек ауданындағы  23 нысан — 230 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарына жұмсалса, біршама теңге 6 нысан немесе 33 шақырым жол мен 4 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаралады. Оның ішінде, ірі жобаларға тоқталсақ, Бәйдібек ауданында 2018-2020 жылдары шамамен 3,5 млрд. теңгеге 30 шақырымды құрайтын 1 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аталған жоба аясында Шалдар, Жамбыл және Шаян елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-2 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. ұзындығы 164,2 шақырымды құрайтын 3 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Шаян, Қазата, Ағыбет, Шақпақ, Кеңестөбе, Жарықбас, Алмалы, Ақтас, Жыланды Боралдай, Ақбастау және Бірлік елді мекендерінен өтеді.

Қазығұрт ауданында да 41 нысанның немесе 185 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 4 нысан — 87,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Ішіндегі ірі жобалар ретінде Қазығұрт ауданындағы жобаларды айтуға болады. Онда 2018-2020 жылдары шамамен 4,5 млрд. теңгеге 37,1 шақырымды құрайтын 2 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Аталған жобалар аясында Шарапхана, Жұмысшы, Сынтас және Жаңабазар елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 16 шақырымды құрайтын КХ-29 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Шарбұлақ және Тұрбат елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 21,1 шақырымды құрайтын КХ-48 автомобиль жолына да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. 40 шақырымды құрайтын 1 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобаның жөндеу жұмыстары Еңбекші, Шанақ және Ақжар елді мекендерінен өтеді.

Сонымен қатар, Мақтаарал мен Ордабасы аудандарындағы бірнеше шақырым жол көпірлер жөндеу көреді. Мәселен, Мақтаарал аумағында 2017 жылы 71 нысанның немесе 168 шақырым жол мен 5 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылатын болса, 2 нысанның немесе 11,5 шақырым жол мен 1 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленбек. Тиісінше, жыл аяғына дейін Ордабасыдағы 31 нысан немесе 38 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған. Бұған тағы 4 нысанның немесе 62,4 шақырым жол мен 2 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді қосыңыз. Мәселен, Мақтааралда алдағы екі жылда 11,5 шақырымды құрайтын 1 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізуі жоспарланып, ол бойынша Прогресс және Бірлік елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-117 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ордабасыда 15,6 шақырымды құрайтын 1 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланып, Темірлан, Ынталы және Майарық елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-8 автомобиль жолы күрделі жөндеу көрмек. Сондай-ақ, 2017-2018 жж. 26 шақырымды құрайтын 1 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобаның жөндеу жұмыстары Үлгілі елді мекенінен өтеді.

Сайрамдағы 43 нысан немесе 57 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың еншісіне тиесілі. Биыл, сондай-ақ, аудандағы 93,5 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу де жоспарланып отыр. Яғни, аталған ауданда 2017-2020 жылдары 59,8 шақырымды құрайтын 5 ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл жобалар аясында Бозарық елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын КХ-37 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары және Көмешбұлақ, Қызылжар, Қызыләскер және Теспе елді мекендерінен ұзындығы 17,8 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Сайрам елді мекенінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 30 шақырымды құрайтын КХ-83 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары, Таскен, Мартөбе, Қызылсу және Қарасу елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 8 шақырымды құрайтын КХ-97 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары, Ақсукент, Манкент, Ақбастау, Низамабад және Қарамұрт елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 22 шақырымды құрайтын КХ-3 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Түркістан шаһарындағы 71 шақырым жол мен 1 көпірдің (21 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жасау мен қаладағы 59,2 шақырым жол мен 3 көпірдің (5 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу 2017 жылға көзделіпті (9-10-слайд). Мұнда 2 ірі жоба — Теке және Жалантөбе елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 26,1 шақырымды құрайтын КХ-84 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Ойық және Ащысай елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар ұзындығы 33,1 шақырымды құрайтын КХ-56 автомобиль жолына да күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақ. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. 53,5 шақырымды құрайтын 2 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Қазақстанның 30 жылдығы, Шаға, Қосқорған, Еңбекші Диқан, Ескі Иқан, Ақтөбе және Ибата елді мекендерінен өтеді.

Ал Түлкібас ауданындағы 16 нысанның немесе 72 шақырым жол мен 2 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары және 3 нысанның немесе 16 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге сала мамандары қазірден-ақ кірісіп кетті. Аталған жоба шеңберінде ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Т.Рысқұлов, Шұқырбұлақ және Түлкібас елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-64 автомобиль жолына қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

Төлеби ауданы аумағында 2017 жылы 33 нысанның немесе 112 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 5 нысанның немесе 4,5 шақырым жол мен 3 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. 52 шақырымды құрайтын 2 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Киелітас, Достық, Ленгір, Момынай, Екпінді, 1-Мамыр, Ынтымақ, Нысанбек, Алатау және Диханкөл елді мекендерінен өтеді.

Сарыағаш ауданына келсек, мұнда биыл 67 нысанның немесе 119 шақырым жол мен 3 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары қамтылған. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 8 нысанның немесе 8 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. 60,5 шақырымды құрайтын 3 нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Қошқар ата, Бесқұбыр, Жамбыл, Жүзімдік, Жаңадәуір, Дербісек, Сарыағаш, Абай, Ұшқын және Халқабад елді мекендерінен өтеді.

karta1

karta2

karta3

karta4

karta5

karta6

karta7

karta8

karta9

karta10

karta11

karta12

karta13

karta14

karta15

karta16

karta17

karta18

karta19

karta20

karta21

karta22

karta23

karta24

karta25

karta26

karta27ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.